Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру
Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру
21-10-2020
Бүгін «Ұлт әдебиеті – жастар көзімен» деген тақырып аясында еліміздегі танымал жас ақын, жазушыларды жинап, ұсыныс, пікірлерін тыңдадық.
Тіл комитеті өткізіп отырған бұл басқосу Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың халыққа жақын болу, қоғаммен кері байланыс орнату міндетін жүзеге асыру негізінде өтті.
Қазақтың бай тілінің мәйегін бойына сіңіріп, келер ұрпаққа дарытатын сөз ұсталары қаламгер жастардың мәселелерін ортаға салды.
Кездесудің маңыздылығын ескере отырып, Тіл комитеті еліміздің барлық аймақтарындағы жас ақын-жазушыларды түгел қамтуға тырысқан еді. Басты мақсат - мемлекеттің отандық қаламгерлерді қолдау.
Жиын барысында сөз алып: "Тіл өмір сүрсе шығармаларыңыз  да өміршең. Жалпы өз руханиятының уызына жарыған ұлт қана өз бет бейнесін сақтап қала алатын болады" деген ой айттық.
Сондай-ақ төмендегі мәселелерден хабардар еттім.
Комитет үстіміздегі жылдың 25 тамызынан бастап ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының жанынан онлайн түрінде өткізілетін «Лучший балалар шығармасы» байқауын жариялауда. Байқау фейсбукте жарияланды. Қазіргі таңда 1646 қаралым. 60-тан астам шығармалар келіп түсті. Тәуелсіздік күні қарсаңында конкурс жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталып, қаржылай сыйақыны иеленетін болады. 
Сонымен қатар 2021 жылдан бастап мемлекеттік деңгейде бірнеше тың жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Олар: «Лучший балалар әдебиеті», «Жас қаламгер», «Жылдың үздік кітабы», «Смарт қаламгер» және т.б. жобалар.
Жас қаламгер жобасында: 
- «Лучший жас жазушы» - О. Бөкей атындағы арнайы жүлде, проза жанры бойынша; 
- «Лучший жас ақын» - Ф. Оңғарсынова атындағы арнайы жүлде, поэзияға;
- «Лучший жас ғалым» - А.Қайдаров атындағы арнайы жүлде, ғылыми жұмыс үшін қарастырылған.
Басқосудың мақсаты кітап оқитын қоғамды қалыптастыру үшін жас жазушыларға бағыт бере отырып, жаңа ой салу,  күш-жігер беру. 
Онлайн-пікіралмасуға қатысып отырған жас қаламгерлер өз ойларыңызды, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды ортаға салады.
Балаларға арналған шығармалаға қойылатын талаптарды әлемдік дәрежеде саралау қажеттігінің маңыздылығы қозғалды. 
Сондай-ақ, кітап тарату, сын жанры, драматургия, балалар әдебиетін дамыту туралы нақты ұсыныстар айтылды.
Пікірталасқа қатысқан елімізге танымал жас- ақын-жазушылар «Ана тілі» газетінің бас редакторы, ақын Жанарбек Әшімжан, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Ерлан Жүніс, «Балапан» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай, Ақын , аудармашы Мақпал Мыса, Жазушы, драматург, сыншы Әдібек Байбол, Жас драматург, прозашы Жақсылық Мұратбек ұтымды ойларын ортаға салды. 

Онлайн кездесудің қортындысы бойынша жас жазушылар ұсынған құнды ұсыныстарға орай арнайы Хаттама қабылданып, құзырлы министрліктерге жіберілетін болып ұйғарылды.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі 
Тіл саясаты комитетінің төрағасы 
Әділбек Қаба
 
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы