Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Біз туралы / Кітап палатасының басылымдары

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының басылымдары

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы елдегі баспа өнімдерінің жүйелі есебін жүргізуді, ұлттық құжаттық мұраны сақтауды, сондай-ақ кітап, мерзімді және өзге де баспа өнімдері туралы оқырмандарды ақпараттандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштерді дайындау және шығарумен айналысады.

Кітап палатасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі — елімізде жарық көретін баспа өнімдерін, сондай-ақ шетелде жарияланатын Қазақстан туралы материалдарды қамтитын мемлекеттік библиография жүйесін шығару.

1938 жылдан бастап ай сайын «Баспасөз шежіресі» жарық көреді. Оның құрамына мыналар кіреді:

  • «Кітап шежіресі» (ай сайын);
  • «Журнал мақалаларының шежіресі» (ай сайын);
  • «Газет мақалаларының шежіресі» (ай сайын);
  • «Рецензиялар шежіресі» (жылына 1 рет);
  • «Бейнелеу өнері. Картография. Нотография» (жылына 1 рет), оның құрамына:
    • «Нота басылымдарының шежіресі» (1955 жылдан бастап);
    • «Бейнелеу өнері шежіресі» (1961 жылдан бастап);
    • «Картография шежіресі» (2000 жылдан бастап) кіреді.

2001 жылдан бастап міндетті дананы қабылдау және бақылау бөлімі жыл сайын «Қазақстан Республикасының мерзімді және жалғаспалы басылымдары» атты шежірені шығарады. Бұл басылым елімізде тіркелген мерзімді және жалғаспалы басылымдардың жиынтық көрсеткіші болып табылады.

Баспа қызметінде ерекше орын алатын басылымдардың бірі — тоқсан сайын жарық көретін «Қазақстаника» библиографиялық көрсеткіші. Бұл көрсеткіш оқырмандарды еліміздің саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі оқиғалармен, қазақстандық авторлардың шығармаларымен, кітаптармен, бейнелеу және ноталық басылымдармен, диссертациялар мен авторефераттармен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде жарық көрген жарияланымдармен таныстырады.

1957 жылдан бастап Кітап палатасы баспасөз статистикасын да жүргізіп келеді. Бұл көрсеткіштер баспа ісінің жай-күйін талдауға, кітап нарығы мен баспасөз жүйесінің одан әрі дамуын айқындауға қажетті негізгі мәліметтерді қалыптастырады.

Атаулы және естелік күндер
2026
Кітаптарды іріктеу -2027
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасы
Ұлттық кітап
23 сәуір - Ұлттық кітап күні
АЙБОЗ
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫ
ISBN
ISBN нөмерін алу
Ұлттық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ұлттық академиялық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақ әдебиеті газеті
«Қазақ әдебиеті» газетінің сайты
Егемен Қазақстан
Егемен Қазақстан газеті
Алматыкітап
«Алматыкітап» баспасы
Атамұра
«Атамұра» баспасы
Мектеп
"Мектеп" баспасы
BOOKFUND.KZ
Кітаптардың ақпараттық-анықтамалық жүйесі
Ана тілі
«Ана тілі» газеті
Балдырған
"Балдырған" журналы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ