Қазақстан Республикасы Кітап палатасындағы міндетті даналарды қабылдау және бақылау рәсімі Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын баспа өнімдерін мемлекеттік есепке алудың бекітілген тәртібі бойынша жүргізіледі.
Жұмыс процесі баспалардан, баспаханалардан, баспа өнімдерін шығарушы ұйымдардан, сондай-ақ авторлардан міндетті тегін даналардың келіп түсуінен басталады. Келіп түскен басылымдар (кітаптар, газеттер, журналдар, брошюралар, бейнелеу басылымдар және басқа да баспа өнімдерінің түрлері) бастапқы сұрыптаудан өтеді.
Келесі кезеңде басылымдарды бастапқы мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылады: әрбір басылым мемлекеттік есепке алу мақсатында инвентарлық нөмір беріле отырып, электрондық ақпараттық базаға енгізіледі.
Сонымен қатар, міндетті даналардың уақтылы келіп түсуін бақылау, сондай-ақ міндетті даналардың толықтығын Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 24-2-бабына және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 21-бабына сәйкес тексеру болып табылады.
Басылымдардың шығу мәліметтерінің Қазақстан Республикасының «Масс медиа» заңның 20 бабына және баспа ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ СТ РК 2383–2013 «Басылымдар. Шығыс мәліметтері. Жалпы талаптар мен рәсімдеу ережелері» ұлттық стандартының талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Тіркеу және бақылау аяқталғаннан кейін басылымдар Қазақстан Республикасының Кітап палатасы қызметінің бағыттары бойынша бөлінеді: құжаттардың бір бөлігі библиографиялық өңдеу және сатистикалық есеп үшін, ал ағымдағы кезеңнің қорытындылары бойынша — Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатына тұрақты мемлекеттік сақтауға беріледі.
Қорыта айтқанда, міндетті даналарды қабылдау және бақылау рәсімі Қазақстан Республикасының баспа өнімін мемлекеттік есепке алудың, бақылаудың, жүйелеудің және сақтаудың толық циклін қамтамасыз етеді.