Ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырушылық, кадрлық, шаруашылық, құжаттамалық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
1. Кадрлық жұмыс
• еңбек заңнамасына сәйкес кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру;
• қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды рәсімдеу;
• еңбек шарттарын, қосымша келісімдерді және жеке құрам бойынша бұйрықтарды дайындау;
• қызметкерлердің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізу;
• жұмыс уақытын есепке алу, демалыстарды, іссапарларды және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын рәсімдеу;
• уәкілетті мемлекеттік органдарға есептілікті дайындау;
• қызметкерлерді аттестаттауды, оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
• қызметкерлерге еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кеңес беру.
2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс
• тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуды жоспарлау;
• сатып алу құжаттамасын дайындау және орналастыру;
• жеткізушілермен және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау;
• заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алу рәсімдерін сүйемелдеу;
• шарттарды дайындау және олардың орындалуын бақылау;
• мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жүргізу;
• сатып алу саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және ашықтықты қамтамасыз ету.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде бөлім:
• сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы есептілікті жинауды және дайындауды жүзеге асырады;
• сыбайлас жемқорлық стандарттарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
• қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі нормативтік актілерді әзірлеуге қатысады;
• бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
4. Шаруашылық қызмет
Шаруашылық қызметің функционалына мыналар кіреді:
• ұйымды жиһазбен, техникамен, кеңсе және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз ету;
• үй-жайлар мен жабдықтардың техникалық жағдайын бақылау;
• ғимараттарды ағымдағы жөндеуді және қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
• санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау;
• көлік қызметін қамтамасыз ету;
• мекеменің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
• материалдық құндылықтарды есепке алу және пайдаланылуын бақылау.
5. Ақпараттық жүйелер қызметі
Аталған құрылым библиографиялық процестерді автоматтандыру жүйесінде бағдарламалық-техникалық құралдарды енгізу және пайдалану арқылы деректер базаларын, электрондық каталогтарды, веб-порталды тиімді басқаруды жүзеге асырады.
Ақпараттық жүйелер қызметі өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың тиімді орындалуына, сондай-ақ жергілікті компьютерлік желілерді ұйымдастыруға, қолданылатын хаттамаларға, операциялық жүйелерге, желілік жабдықтарға, серверлер мен жұмыс станцияларының аппараттық құралдарына жауапты.