Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңа кітаптар / “Оян, қазақ!”
“Оян, қазақ!”
25-05-2022
Кітап қазақ зиялыларының аса көрнектi өкiлдерiнiң бiрi, “Алаш” партиясының мүшесi Мiржақып Дулатұлына арналған.  2010 жылы алаш ардақтысының туғанына 125 жыл, ал “Оян, қазақ!” кітабының жарық көргеніне 100 жыл толды. Қазақ халқының ұйқыдағы санасын оятып, ұлттық рухын  көтеруде бұл кітаптың орны ерекше болғаны белгілі. Оқырман назарына  ұсынылып отырған еңбекте қазақ халқының қоғамдық  және мәдени өрісінің кең аясында ағартушы-патриот  өмірінің алғашқы кезеңі туралы әңгімеленіп, оның дүниетанымының қалыптасу үрдісі ашылады.
Ұлттың күрескер ұланымен өз кезінде қоян-қолтық араласып, жақын жүрген пікірлес, ниеттес адамдарға  да жинақта ерекше орын берілген. Мұрағат материалдары, сирек басылымдар және ХХ ғасырдың  басындағы мерзімдік жарияланым қайнар көз ретінде алынып, жаңаша зерттеулер жасалады. “Оян, қазақ!” кітабы жан-жақты талданып, тың деректер келтірілген.
Кітаптар каталогы
29-05-2025
Аватария аңызы Алмаз Тультаев
29-05-2025
Балаға жүрек жылуы В. Сухомлинский
29-05-2025
Абырой Алиев Жасын
05-05-2025
Суперкаһармандар арамызда
Камала Харристың өмірі туралы
05-05-2025
Әліппе әңгімелері Тұрдақын Жексенбай
Балаларға арналған әңгіме-ертегілер
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2025 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы