Кітап палатасы, баспа өнімдерінің міндетті даналарын қабылдау және оның уақытында келіп түсуін бақылау жұмысы құрылғаннан бері, яғни 1937 жылдан бері жүргізіп келеді. Бұл Кітап палатасының негізгі жұмысының бірі болып саналады.
«Міндетті дананы қабылдау және бақылау» бөлімі республикадағы шығатын баспасөз өнімдерінің түр-түрінің тегін міндетті даналарын қабылдайды. Оларды әр басылымның түрлері бойынша сұрыптап, алғашқы мемлекеттік тіркеуге алады.
Келіп түскен баспасөз өнімдерді ҚР СТ 2383-2013 «Басылым. Шығу мәліметтері. Жалпы талаптары және рәсімдеу ережелері» стандартқа сүйене отырып, реттік сандарымен сұрыптап, әр өнімді базаға тіркеп, жіберген қателеріне ескерту жасап, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 15 бабын қатаң сақтауын, белгілі тәртіп бойынша бақылауға алып, жинақтап мұрағатқа өткізеді. Сонымен қатар баспа өнімдерінің толық және мерзімді түсуін, олардың мемлекеттік стандартқа сәйкестігін қадағалайды, бөлімде тендерге қатысатын газет, журналдардың шыққан жылын растайтын анықтамалар беріледі.
Мемлекеттік мемкемелерден (Министрліктерден, Прокуратуралардан, Соттардан және т.б.) келіп түскен ресми хаттарға жауап беріледі.
Базаға тіркелгеннен кейін кейбір республикалық, облыстық газеттер библиографиялық өңдеуге «Мемлекеттік библиография» бөлімдеріне (қаз. және орыс) беріледі. Жылдың соңында бөлім қызметкерлері жыл бойы жиналған басылымдарды «Баспа мұрағаты» бөліміне өткізеді. Бұл шаралар өткізу актісі бойынша іске асады.
Кітаптар мен кітапшалар, нота, изо, карта басылымдары, мерзімді (газеттен басқа) және жалғасты басылымдар базада тіркелгеннен кейін «Статистика және кітап нарығына маниторинг жасау» бөліміне өткізіледі.
«Міндетті дананы қабылдау және бақылау» бөлімі 2001 жылдан бастап жыл сайын «Мерзімді және жалғасты басылымдар» шежіресін шығарып келеді.
Басылым Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасына жыл бойы келіп түскен газеттер мен журналдардың міндетті даналары туралы деректерді қамтиды. Шығарылым екі бөлімнен тұрады: «Журналдар» және «Газеттер».