Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Ұлықбек Есдәулет Еуразиялық құрмет белгісімен марапатталды
Ұлықбек Есдәулет Еуразиялық құрмет белгісімен марапатталды
05-10-2021

Бұл "Еуразия әлемі – XXI ғасыр" жаһандық еуразиялық жақындасудың мемлекетаралық форумы ұйымдастыру комитетінің ресми сыйлығы. Жоба Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігімен, Еуразиялық экономикалық комиссиямен, Мәскеу қалалық Думасымен бірлесіп жүзеге асады.

Еуразиялық Құрмет Белгісі биылғы жылы бекітілді, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет оның алғашқы лауреаттарының бірі атанды.

Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде өткен марапаттау рәсімі барысында "Еуразия әлемі – ХХІ ғасыр" форумының марапаттау кеңсесінің мүшесі, ВОСВОД Кеңесі Төралқасының мүшесі Юрий Безридный Ұлықбек Есдәулеттің елдерді, мәдениеттер мен халықтарды Еуразиялық жақындастыру ісіндегі көп жылғы еңбегі үшін "Қоғамдық қызмет" және "Мәдениет" номинациялары бойынша ие болғанын атап өтті.

Өз кезегінде Ұлықбек Есдәулет құрметті марапат үшін ризашылығын білдіріп, еуразиялық кеңістікте шығармашылық байланыстар мен мәдениеттер диалогын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта пандемия басталғалы бері алғаш рет Қазақстан мен Ресей өкілдері арасындағы шығармашылық байланыстар қайта жандануда. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қараша айында Мәскеуде КСРО ыдырағаннан бері екі ел жазушыларының кең ауқымды кездесуі өтті. Осыдан кейін "Қазақстан – Ресей" әдеби альманахының бірнеше нөмірлері, сәйкесінше "Еуразиялық муза" тақырыптық беттері ресейлік "Литературная газетада" жарияланды. Соңғы жылдары Қазақстанда өзіндік ерекшелігі бар авторлардың жаңа буыны өсті, олардың шығармашылығы Ресейдің оқырмандарына қызықты болуы мүмкін. Өз кезегінде, Қазақстанда да жаңа орыс әдебиетімен танысқысы келеді.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы Ұлықбек Оразбайұлын жоғары дәрежелі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, еңбегіне табыс, ұзақ ғұмыр тілейді!

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ