Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін – Тахауи Ахтановтың туған күні
Бүгін – Тахауи Ахтановтың туған күні
25-10-2021

25 қазан - жазушы, драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың,  ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» (2 рет), «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туған күні.

Ол 1923 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында дүниеге келген.

1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтына оқуға түсіп, екінші курста майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары майдандық басылымда жарияланды. Өлеңдері соғыстан кейін жарыққа шыққан «Жастар дауысы» атты ұжымдық жинаққа енген.

Қызмет жолын 1953-1957 жылдары «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерінде бастаған. Сонымен қатар, «Көркем әдебиет» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы болған.

1956 жылы «Қаһарлы күндер» романы, 1968 жылы «Сәуле» одан кейін жарыққа шыққан  «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды.

Жазушының «Махамбет мұңы», «Дала сыры» кітаптары және «Таңдамалы шығармалары», 5 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Сондай-ақ, туындылары орыс, неміс, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, грузин, украин, беларус тілдеріне аударылған.

Көркем аударма саласында А. Пушкиннің «Алтын әтеш туралы ертегісін», А. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, С. Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романын, И. Тургенев пен А. Горький әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Тахауи Ахтанов 1975-1984 жылдары Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры қызметін атқарған. 

Жазушы 1994 жылы дүниеден өтті.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ