Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / БАҚ біз туралы: Ақылына ақы сұрамайтын қазына
БАҚ біз туралы: Ақылына ақы сұрамайтын қазына
23-04-2022

23 сәуір – күллі ғаламның кітапсүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін төл мереке. Тарихқа үңілсек, бұл кәсіби мереке Халықаралық кітап баспа қауымдастығының қолдауымен 1969 жылдан тойланып келеді. 1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО­ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы арнайы  Қарар қабылданып, 23 сәуір «Халықаралық  кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып жарияланды. Яғни бұл күн – жалпы кітап өндірісінің, әдебиеттің, ғылымның айналасында жүрген азаматтардың мерекесі. Олардың еңбегінің халықаралық деңгейде әспеттелетін күні. Мереке қарсаңында біз ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры, белгілі баспагер Әділ Қаженбайұлы Қойтановты әңгімеге тартып, рухани шаңырақтың бүгінгі тыныс­тіршілігі, қызметі жайлы әңгімелеп беруін өтінген  едік.

Кәсіби мерекенің  мақсаты – қоғамды кітап оқуға баулу және адамзат руханиятының қалыптасуына үлес қосқан  шығарма авторларын  құрметтеу, әдебиет тұлғаларын  ұлықтау. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі кітап көрмелері мен жәрмеңкелері, акциялар мен  конкурстар өтеді.

Француз халқы технологиялық, экономи калық заманда өмір сүріп жатса-дағы, негізін сауатсыздықты жоюдан алған «Кітап оқу күнін» әлі күнге дейін ауқымды шара етіп өткізеді, халқы оқу мәселесінде жауапкершілікті сезінеді. Мейрам күні Францияның ірі қалаларындағы алаңдарда жазушылармен, ақындармен кездесулер өткізілсе, барлық ақпарат құралдары әдеби тақырыптарды талқылап, тақырып шеңберіндегі бағдарламалар жасайды. Бұл мерекенің басталуына сауатсыздықты жою мәселесі себеп болғанын баса айтқан жөн. 1986 жылы ғалымдар зерттеу жүргізіп, нәтижесінде еңбекке жарам ды халықтың 20 пайызы жазу мен оқудан мақұрым екенін анықтаған. Осы мереке халықтың дәстүріне сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған.

Бүгінде  қазақстандық баспалар ескі сарыннан бірте-бірте арылып, заманауи бағыт ұстануға көшті. Қажет техникаларды алдырып, қорын жаңартып, қауырт жұмыс істеп жатыр. Ірі шаһарларда кітап көрмелері өте бастады. Ең бастысы – авторлар мен баспалар маркетингтің қыр-сырын ұға бастады. Қазір жазушылар,    қалған тенденциялардың бірі – электронды кітап мәселесі де жолға қойыла бастады. Мысалы, ҚР Ұлттық аударма бюросы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы өзара келісім жасап, қазір  Кітап палатасының баспасөз мұрағатындағы ескі кітаптарды, алғашқы жинақтарды цифрландыру ісі жүріп жатыр.

«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», – деген екен Әлішер Науаи. Адамшылық, білімділік, сананың ашықтығы – қазақтың көзі ашық азаматтары үздіксіз насихаттап келе жатқан мәселе. Осындай ұлы қасиеттерді игеру үшін немесе ояту үшін қажет құрал – кітап. Сананың сұранысына қарай әр азамат қалауындағы дүниені оқиды.

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық», – дейді хакім Абай он сегізінші қара сөзінде. Данышпан тізген қасиеттің барлығы осы кітаптан табылмақ.

Кітап өндірісіндегі өзекті мәселелердің бірі – авторлық құқық мәселесі. Елімізде авторлық құқық Азаматтық Кодекспен қорғалатынын да айта кеткен жөн. Авторлық          құқықтың негізгі тетіктерінің бірі – мұрагер лік. Қазақстандағы авторлық құқыққа жауапты  мекеме бұл мәселені де жолға қойған. Мұрагер азамат та өзінің ізбасары еңбегі арқылы пайда  таба алады.  Ал нақты мұрагері жоқ автордың еңбегі үшін түсетін қаражат 70 жыл бойы оның туыстарына, жақындарына беріліп, кейін халық мұрасына айналмақ. Қазақстанда авторлық құқықты бұзу – өзге елдердегідей қылмыс болып саналады, тәр тіп бұзған адам жауапқа тартылады. Бір қуанарлығы – халық ішінде, авторлар арасында осындай қадамға баруға ниеті де болмаған адамдар қарасының көптігі. Бұл – әке қанымен дарып, ана сүтімен сіңген дегдар қасиет.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында  «Smart Qalamger» жобасы жұмыстары жүргізілуде. Осы жоба аясында  ҚР Жазушылар одағының 800-ден астам мүшесіне жеке веб-сайт құрастыру қолға алынды. Қазір бұл бастама түгелге жуық орындалып, ақынжазушылар тегін веб-сайтқа ие болды, сертификаттарын алды. Кітап палатасының «Асыл сөз» сұхбат бағдарламасына қонақ болған Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш          Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеұлы, Асанәлі Әшімов, Сәбит Досанов, Әнес Сарай, Мырзатай Жолдасбеков сынды әдеби тұлғаларға сайт сертификаты табысталды. Сондай-ақ, Bookfund.kz  ақпараттықанықтамалық порталы ашылып жатыр. Бұл бүкіл  қазақстандық баспалар, авторлар, кітапханалар, кітап дүкендері үшін ортақ ынтымақтастық алаңы.   

Қазір мемлекет тарапынан да, арнайы қауымдастықтар мен ұйымдар тарапынан да төл әдебиетіміздің бүгінгі дәуірін қалыптастыру үшін ірі жобалар жүзеге асырылуда. Жазушылар мен ақындар байқауларында қомақты жүлделер үлестіріліп жатыр. Мұның бәрі – әдебиет үшін, кітап үшін жасалған қамқорлық.

Білімнің де, тәжірибенің де, адамдық қасиеттің де бастауы – кітап. Көмбе қазынамызды зердеге тоқып, қазақ руханиятына үлес қосу, өз міндетіңді, перзенттік боры шыңды шама-шарқыңша атқару – барша мыздың ұлт алдындағы міндетіміз.

 

                  Жазып алған Т.ДЕРБІСАЛИН.

Басқа жаңалықтар
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
26-06-2026
Қазақстан кітапханалар одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» атты кезекті көшпелі отырысы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан көшпелі отырыс аясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
22-06-2026
Софы Қалыбекұлы Сматаев
   ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Кітап палатасының ұзақ жылдар бойы бас директоры болған Софы Сматаевты 85 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
22-06-2026
Кітап палатасы халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның баспа өнімдерін таныстырды
2026 жылғы 17–21 маусым аралығында өткен Азиядағы ең ірі халықаралық кітап форумдарының бірі – Бейжің халықаралық кітап көрмесі табысты қорытындыланды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ