Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Роза Бағланова» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
«Роза Бағланова» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
23-04-2022

Биыл – қазақтың күміс көмей, жез таңдай әншісі, әлемге аты әйгілі ұлы тұлғасы, ұлт мақтанышы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл. Әншінің ғасырлық мерейтойы қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер қойылып, Алматы және Қызылорда қалаларында әншінің ескерткіші қойылды.

«Өнер 21-ғасыр» баспасынан жарық көрген «Роза Бағланова» кітап-альбомының тұсаукесер рәсімі Eurasian Book Fair-2022 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде өтті.

Салтанатты рәсімге ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысып, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, ақын Несіпбек Айтұлы және ақын Маралтай Райымбекұлы сияқты бірқатар зиялы қауым өкілдерімен бірге кітап-альбомның тұсауын кесті.

«Аты аңызға айналған, кешегі зардапты соғыста майдан даласында шырқата ән салып, жауынгерлердің рухын көтерген опера және эстрада әншісі – Роза Тәжібайқызының ғасырлық мерейтойы – әрбіріміз үшін айрықша дата, ерекше күн.

Бүгін халқымыздың жезтаңдай әншісі – Роза Бағланованың ғасырлық мерейтойы қарсаңында «Өнер 21-ғасыр» баспасынан шыққан «Роза Бағланова» атты кітаптың тұсауын кескелі тұрмыз. Халықтық тұлғаның өмір соқпағының әр кезеңін бейнелеген фотосуреттер бір кітапқа тоғыстырылып, жас ұрпақ үшін аса құнды дүние жарияланып отыр», - деді Дәурен Әскербекұлы.

Ақын, «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы жүргізген рәсім өз деңгейінде өтіп, қонақтардың риясыз ақ тілегімен тәмәмдалды.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ