Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін – Нығмет Сауранбаевтың туған күні
Бүгін – Нығмет Сауранбаевтың туған күні
05-05-2022

Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы (1910-1958) – қазақ тіл білімі негізін салушылардың бірі, ғалым, тілтанушы, түрктанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген. Қазақ халық ағарту институтын, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын.

РКФСР Оқу-ағарту Комиссариатының жанындағы Ғылыми-зерттеу институты Ленинградтағы бөлімшесінің аспирантурасын  бітірген. 1932-1934 жылдары Қазақ КСР Халық-ағарту комиссариатында нұсқаушы болып жұмыс істеді. 1938-1946 жылдары – Қазақ КСР Халық-ағарту комиссариатының мектептер жөніндегі ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1946-1951 жылдары –  КСРО Ғылым Академиясының  алғаш ұйымдасқан Қазақ филиалы Тіл-әдебиет және тарих институтының  тұңғыш директоры, «Қазақ КСР Ғылым Академиясы Хабарлары» журналының алғашқы редакторы. 1947-1956 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясы қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің хатшысы. 1956-1958 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының вице-президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл білімі  және әдебиеті институты Қазақ тілі тарихы және диалектология бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің тарихы мен синтаксисіне, әдеби тіл тарихы, түркітану, диалектология, орфография, жазу, емле, сөздік түзу мәселелеріне арналған. Морфология саласында ол қазақ тіліндегі етістік категориясының жасалу тәсілдері мен тарихи даму жолдары, көсемше тұлғалары, олардың мағыналары, синтаксистік қызметі жайында және қазақ тілі грамматикасының, оның ішінде морфологиясы, орфографиясы мен алфавиті жайында ғылыми еңбектер жариялады..

«Құрмалас сөйлем», «Қазақ тілінің грамматикасы», «Синтаксис», «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері», «Жай сөйлемдердің байланысу амалдары», «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі», «Жанама толықтауыш пен пысықтауыш мүшелері» деген еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің қалыптасу жолдарын басқа да түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдердің даму жүйесімен, сондай-ақ тарихи жазба ескерткіштер мәтінімен салыстыра зерттеді. «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі», «Қа-зақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» атты мақалалары әдеби тіл туралы алғашқы ғылыми тұжырымның бастауы болды. Сауранбаев Қазақстанның әр аймақтарына тұңғыш рет диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырды, ғылыми еңбектері қазақ диалектологиясы пәнінің қалыптасуына игі ықпал етті.

Ол «Орысша-қазақша» сөздіктің жалпы редакциясын басқарған. Ғалымның «Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис» оқулығы білім беру саласьшда үлкен сұраныска ие болды. 1954 жылы Шығысты зерттеушілердің бүкіл дүниежүзілік xxiii конгресіне Кеңес делегациясының құрамында қатысып баяндама жасаған.  Сондай-ақ Иран, Ирак, Англия, Үндістан елдерінде өткен халықаралық конференциялар мен кездесулерге қатысқан.

Нығмет Сауранбаевтың ғылыми жұмыстарын, ұйымдастырушылық қабілетін және қоғамдық еңбектерін жоғары бағаланып, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталған.

Алматы қаласындағы Жібек жолы көшесіндегі  қоғам қайраткері, академик Нығмет Сауранбаев тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.   Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Шарбақты ауылындағы  8 жылдық мектепке, Қордай ауылында көшеге  ғалымның есімі берілген.

Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ