Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Ел болашағын бірге таңдайық
Ел болашағын бірге таңдайық
24-05-2022

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына өзгертулер енгізу бойынша Жалпыхалықтық референдум өтеді.

«Жаңа Қазақстан» құру туралы Мемлекет басшысының бастамасы – еліміздің болашағын жарқын ету мақсатындағы, еліміздің даму бағытындағы кейбір кедергілерді жойып, мүмкіндік ашатын бастама.

Референдумға қатысу – әр азаматтың позициясын білдіретін, таңдауын жасайтын саяси науқан. Осы саяси науқан нәтижесінде Қазақстан Республикасының болашағын бірге таңдап, дауыс беруге барынша атсалысуымыз керек.

Бүгінгі күні Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алға қойған міндеттемелерді орындау, саяси реформаларды жүзеге асыру ісі басталып кетті. «Жаңа Қазақстан» концепциясының толық іске қосылғанын, негізгі міндеттемелерді сатылы түрде жүзеге асыру жұмыстары басталғанына өзіміз куә болып отырмыз.

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік құрылымдардың жұмысын оңтайландырып, халық пен билік арасындағы алшақтықты жойып, негізгі әлеуметтік мәселелерге жедел түрде шешім табу керектігін баса айтқан.

Бүгінгі таңда қоғамдық-саяси аренада орын алып жатқан өзгерістер, мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бағдарламалар, халықаралық деңгейдегі маңызды қадамдар – осы жұмыстардың жүзеге асып жатқанының айғағы.

Ата Заңымызға енгізілгелі отырған өзгерістердің барлығы әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуге, халқымыздың әлеуметтік жағдайын арттыруға және қоғамдық келісімді қалыптастыруға, мемлекетімізді одан әрі дамытуға бағытталған деп сеніммен айтуға болады.

Осынау тарихи өзгерістер қарсаңында мемлекеттік маңызы бар науқанға белсенділік таныта отырып қатысуымыз керек. Осылайша біз болашағымызды бірге таңдаймыз! «Жаңа Қазақстан» - мүмкіндіктер мен даму дәуірі.  
 

ҚР Ұлттық мемлекеттік 
кітап палатасының директоры 
Әділ ҚОЙТАНОВ

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ