Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бішкекте «Искусство книги» байқауы бойынша кездесу өтті
Бішкекте «Искусство книги» байқауы бойынша кездесу өтті
25-06-2022

ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мерзімді баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Кеңесінің ХІХ мәрте өткізіліп жатқан «Искусство книги» халықаралық байқауына ұсынылған еңбектерді іріктеу үшін ТМД қатысушы-мемлекеттерінің өкілдері Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында бас қосты.

Биыл Қырғыз Республикасы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мерзімді баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Кеңесіне төрағалық етіп отыр. Төраға – Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кітап палатасының директоры Койчуман Момункулов.

«Искусство книги» халықаралық байқауы – ТМД қатысушы-мемлекеттерінің гуманитарлық жөніндегі ынтымақтастық Қоры, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мерзімді баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Кеңесі 2004 жылдан бері өткізіп келе жатқан ауқымды халықаралық бәйге.

«Искусство книги» халықаралық байқауы сегіз номинация бойынша өтеді. Халықаралық байқаудың биылғы ерекшелігі – Әзірбайжан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының қатысуы. ХІХ мәрте өтіп жатқан «Искусство книги» байқауына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы қатысып отыр.

Байқау қорытындысы халықаралық Мәскеу кітап көрме-жәрмеңкесі қарсаңында салтанатты түрде жарияланады.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ