Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Дәурен Абаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Дәурен Абаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
03-07-2022

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

«Баршаңызды халқымыздың баға жетпес байлығы, асыл қазынасы, бірегей бренді – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Домбыраның үні естілгенде жадымыз жаңғырып, санамыз оянатыны жасырын емес. Домбыраны насихаттау арқылы ұлттық имиджімізді қалыптастырамыз.

Жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде «домбыра күнін» атап өту – халықтық мерекеге айналып келеді. Бұл дәстүр әрқашан жалғаса беруі керек.

Қазірде ұлттық аспабымыздан шыққан құдіретті күй мен шалқыған әнді бүкіл әлем тамсана тыңдайды.
Қазақтың күй өнері ел тарихында тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылықтар тізіміне енді.

Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес күй ордасы – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестріне «Ұлттық» деген мәртебе берілген болатын. Сәйкесінше, аталған оркестрдің барлық қызметкерінің жалақылары көтерілді. Елімізде домбыра үйірмелерінің саны, оған қатысушы жастарымыздың қатары жыл санап артып келеді.

Одан бөлек, әр жыл сайын мәдениет майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталып, күйіміз бен әніміздің өркендеуіне үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы ұдайы насихатталып келеді.

Мұның бәрі ұлттық аспабымыздың жарқын болашағын, кемел көкжиегін көрсетеді»,-деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ