Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Қазақстан қаһармандары: кеше және бүгін» атты кітап көрмесі
«Қазақстан қаһармандары: кеше және бүгін» атты кітап көрмесі
15-07-2022

ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстандағы балалар жылына» орай «Қазақстан қаһармандары: кеше және бүгін» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – өскелең ұрпақты ел қаһармандарының Қазақстан Республикасына сiңірген қайталанбас еңбектері, Отан қорғауда, азаматтардың өмірін қауіпсіздендіру және Қазақстанның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолындағы күрескерлік ерліктерімен таныстыру. Сонымен қатар ұлтжандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу және жастарды өз тарихын терең ұғынуға, бағалай білуге, рухани құндылықтарымызды қастерлеуге дәріптеу.

«Халық қаһарманы» – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген, айрықша қызметімен ерекшеленген және елдің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында азаматтық және жауынгерлік ерлік көрсеткен адамдарға берілетін атақ. «Халық қаһарманы» атағы 1993 жылы заңмен бекітілді. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамға «Алтын жұлдыз» және «Отан ордені» ерекшілік белгісі беріледі.

Көрмеде «Халық қаһарманы» атағының иелері қатарына кіретін армия генералы, ҚР-ның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Қайрат Рысқұлбеков, соғыс ардагері Қасым Қайсенов, Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы, әнші Роза Бағланова, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, әйгілі күйші, композитор Нұрғиса Тілендиев, академик Мұхтар Әлиев, Қазақстанның халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетов, ұшқыш Хиуаз Доспанованың және т.б. еңбектері мен олардың ерліктерін айшықтайтын әдебиеттер, фотоальбомдар, энциклопедиялық анықтамалық және мерзімді басылымдар ұсынылған.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ