Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды
Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды
27-07-2022

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында аты аңызға айналған ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған «Әуе шайқасының қаһарманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Майбалық ауылында дүниеге келген. Бала кезінен ұшқыш болуды армандады. 1938 жылы Талғат Фрунзе қаласындағы аэроклубқа түседі. 1940 жылы Балашов әскери авиация ұшқыштар мектебіне (Саратовтың батысы) оқуға түсіп, кейін Чкалов әскери авиация училищесіне (Орынбор қаласы) ауысып, оны 1942 жылы бітірген.

144-ші гвардиялы шабуылдаушы авиациялық полкының құрамында Калинин, Воронеж, дала майдандарында соғысып, Украинаны азат етуде ерлік көрсетті. Соғыс жылдарында Талғат Бигелдинов 300-ден астам жауынгерлік ұшуларды жасады, 7 жау ұшағын атып, ондаған танктер мен зеңбіректерді жойды.

Соғыстан кейін, 1950 жылы Әскери-әуе академиясын бітіріп, 1956 жылға дейін КСРО Әскери-әуе күштерінде қызметін жалғастырды. 1957-1970 жж. азаматтық авиацияда жұмыс істеді. Қазақ КСР Азаматтық авиация Басқармасы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Өскемен қалаларында және басқа да облыс орталықтарында ұшу-қону жолақтарын құру бойынша жұмысқа жетекшілік етті. 1968 жылы Талғат Бигелдинов Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын сырттай оқып бітірді, содан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс жүйесінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-3 және 12-ші шақырылымдарының депутаты (1946-1954 және 1989-1991 жж.).

Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін екі рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, Ленин, Қызыл Жұлдыз, Алтын Жұлдыз ордендерімен, екі Қызыл Ту орденімен және басқа да медальдармен марапатталды.

Атақты ұшқыш Талғат Бигелдиновті еске алу құрметіне Көкшетау мен Фрунзе қалаларында (қазіргі Бішкек қаласы) бюст орнатылған. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына оның есімі берілген. Ол туралы фильмдер түсірілді, құжаттар мен фотосуреттер Мәскеудегі Ұлы Отан соғысының басты мұражайының экспозициясында мәңгі қалды.

«Әуе шайқасының қаһарманы» атты кітап көрмесінде Талғат Бигелдиновтің өмірі мен қызметі туралы материалдар – энциклопедиялар, анықтамалықтар мен кітаптар ұсынылған: «305 рейд» (1966), «Илы атакуют» (1966), «Воздушные бои» (1967). Бұдан әрі көрме аты аңызға айналған ұшқыштың ерлігін дәріптейтін материалдарды, мерзімді баспасөз беттеріндегі ол туралы кітаптар мен мақалаларды ұсынады.

Кітап көрмесінің мақсаты – оқырмандарды Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлікпен және ұшқыштың ортақ Жеңіске қосқан үлесімен таныстыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттық сезімге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ