Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Ағылшын жазушысының Қазақстан туралы кітабы
Ағылшын жазушысының Қазақстан туралы кітабы
09-08-2022

Британдық балалар жазушысы Луиза Пулдың «Жарық жұлдыз» атты кітабы кішкентай қыз бен понидың жақын әрі шынайы достығын сөз етеді.

Автордың айтуынша, ол кішкентай қызымен Шропширге барғаннан кейін осы кітапты жазу туралы шабыт алады. Қызы кең далада емін-еркін жа­йылып жүрген жылқыларға қызы­ғып, шешесінен олардың шығу тегін сұрайды. Жазушы ретінде қызының бұл сұрақтарына жауап бергісі келген ол үйіне қайтқан соң, Ботай мәдениетін зерттеуге кіріседі. Зерттеу нәтижесі оған жылқыны ең алғаш қолға үйреткендер қазақ халқы екенін, сонымен бірге, қыл құйрықтылардың тарихи отаны Қазақстан болғанын дәлелдеп береді.

Луиза Пул бұл туралы:

– Бұл оқиға мені қатты қызықтыр­ды әрі бейжай қалдырмады, сол үшін зерт­те­уімді тоқтатпай, әрі қарай жалғас­ты­ра бердім, ақырында мен Қазақстан туралы қол­ға үйретілген жылқылар жөнінде, олар­дың қай­дан шыққанын, қалай өзгеріске ұшы­раға­нын біле бастадым. Мен Қазақ­станның таби­ға­тына, халқына ой жүгіртуден танбадым, – деген көзқарасын айтады.

«Жарық жұлдыздың» кейіпкерлері 12 жасар Раушан мен Жарық жұлдыз атты пони. Жазушы шынайы да адал достық хикаясы баяндалған бұл шығарма жас­өспірімдерге, анығын айтқанда, жеті мен он бір жас аралығындағы балаларды қызықтырады деген ойын алға тартады.

Сонымен қатар бұл кітап ересектерді де қызықтыра алатынына сенімді. Кітап авторы Луизаның мамандығы суретші, сондықтан кітаптың барлық иллюстра­цияларын өзі жасапты.

– Мен бұл кітаптың жарыққа шы­ғуына көмектестім, сонымен қатар оның туындысының көркем үлгіде оқыр­мандардың қолына жетуіне, шығар­машылық белсенділігіне қолдау көрсеттім, – дейді кәсіпкер Стив Пул.

Ал жылқының шығу төркіні туралы балаларға арналған кітап жазған жазушы:

– Мен Қазақстанға барып көрген жоқпын, бірақ болашақта барсам деймін, ол жақтағы мәдени, тарихи орындарды, адамдардың тіршілігін, алма бауларын және ежелгі адамдардың тастарға салған суреттерін көрсем деймін, – деген жоспарымен бөлісті.

Қазірше аталған кітап тек қатты мұқаба түрінде басылып шыққан. Бірақ жақында жазушы осы туындының электронды нұсқасының да оқырмандармен бөліспек. Ал кейіпкерлер Раушан мен Жарқын жұлдыздың шытырман оқиғаларын да автор кітапқа кірістіруді жоспарлап жүр­генін жасырмайды.

Дереккөз: «Егемен Қазақстан»

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ