Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін – Абай күні
Бүгін – Абай күні
10-08-2022

2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысының негізінде 10 тамыз «Абай күні» деп аталатын мерекелік күн болып бекітілген болатын. Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы күнді ресми түрде «Абай күні» деп бекіткен.

Бұған дейін ғылыми және әдеби ортада Абай Құнанбайұлының туған күні туралы екі түрлі нұсқа танымал болған. Алайда абайтанушы Тұрсын Жұртбай бастаған ғалымдар ойшылдың туған күні 10 тамыз екенін дәлелдеді. Сол себепті Абайдың 10 тамыз Абай күні ретінде ресми бекітілді. Айта кетерлігі, Президентке ұлы Абайдың туған күнін «Абай күні» деп атап, Ұлттық мерекеге айналдыру туралы ұсынысты Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы берген болатын. Зиялылардың талпынысы аяқсыз қалмады. Абай күні мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді.

Абай Құнанбайұлы (азан шақырып қойған аты Ибраһим) 1845 жылы қазіргі Абай облысы Абай ауданындағы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Құнанбайдың Ұлжан атты әйелінен тараған төрт баланың екіншісі. Оның өз кіндігінен Ақылбай, Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан, Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже есімді балалар тараған. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мен екінші дүниежүзілік соғыс Абай әулетінің де шаңырағын ортасына түсіріп кетті. Қазақтың шежірені ұл баламен тарататынын ескерсек, ашық көздердегі дерек бойынша, ойшылдың тұңғыш ұлы Ақылбайдан тараған бесінші буындағы ұрпағы Данияр Ақылбаев қазір Алматыда тұрып жатыр. Дана, Кәмила, Меруерт деген перзенттері бар.

Ұлы ғұлама өмірінің соңына дейін жастарды білім мен ғылымға баулумен айналысқан. Өскелең ұрпақ үшін сан алуан тақырыптағы еңбектері мен тәрбиелік мәні зор қара сөздерін мұра етіп қалдырған.

Академик Рымғали Нұрғалидің «Абай шығармаларындағы сарын – әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген», - деп жазған пікірі бар. Қазақ әдебиетіндегі Абай салған даңғыл жолды Алаш қаламгерлері жалғады. Ақынның коғамдық үні олар үшін үнемі алдыға бастар бағдаршамдай болды. Ақын поэзиясының үні, өзекжарды мәселелері мен идеялық мақсаты олардың шығармаларында өрістеп дами түсті. Абайдың азаматтық үнінен қуат алған олар бүкіл алаштың басын біріктіруді міндет етті.

Алаш арыстарының жүрегіне рухани тәуелсіздікке ұшқын түсірген Абайдың ойлы сөзі еді. «Азаттық жолына біржола түскен тұсында Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың, Мұхамеджан Тынышбаев пен Міржақып Дулатовтың, Сұлтанмахмұт пен Мағжанның Абайды терең зерттеуі соған дәлел. Демек, Абай қазақтың ұлттық рухын өлтірмей, өсер ұрпаққа тірі жеткізген елінің ұлы ұлтжанды тұлғасы» деген ғалым Тұрсын Жұртбайдың сөзінің астарында терең тарихтың парақтары жатыр.

Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр – Абай дәстүрі. Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, күрделі екендігі баршаға мәлім. Абай мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да, ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде де ұланғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында зор маңызын көрсетіп отыр.

Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ