Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Нұр-Сұлтанда «Абай әлемі» кітап көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтанда «Абай әлемі» кітап көрмесі ашылды
11-08-2022

Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған көрме ашылды. Қала тұрғындары ақынның поэтикалық және философиялық мұрасын, абайтанушы ғалымдардың еңбектерін және ұлы ойшылдың шығармаларының аудармаларын оқып шықты.

Көрмеге ақынның 50-ден астам кітабы қойылды.

«Абайдың әдеби еңбектері ылғи да дүкен мен кітапхана сөрелерінің төрінде орналасады. Ақынның шығармалары Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал. Бұл жерден құнды кітаптарды табуға болады. Арасында Анатолий Ким аударған ақынның «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы, Теймур Атаевтың «Абайдың ұлылығы немесе XXI ғасырдағы ойшылдың портретін жасауға талпыныс», Құлмат Өмірәлиевтің «Абай афоризмі», Дүкенбай Досжанның «Абайдың рухы» секілді кітаптар бар. Оқырмандар осы және өзге де кітаптарды кітапхана залында отырып оқуға немесе өзімен бірге үйіне алып кетуіне болады. Біздің кітапханашылар күн сайын әлеуметтік желілерде пост жазып, жаңа басылымдар туралы хабардар етеді», – деді кітапханашы Анар Әкімбекова.

Сонымен қатар оқушылар көрмеде өлең оқып, ән шырқады, ал жұртшылық Абайдың шығармашылық жолының басты кезеңдері туралы білімін арттырды.

«Мен «Сегізаяқ» өлеңін оқыдым, онда автор адамның бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді. Абайдың шығармашылығын зерттеуден ләззат аламын. Онда адамның өзін-өзі дамыту туралы терең ойлар қамтылған. Сондай-ақ ақынның философиялық шығармаларында алға ұмтылу, Отанға деген сүйіспеншілік дәріптеледі», - деп қорытындылады мектеп оқушысы Айғаным Сатан.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ