Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Сұлтанғали Садырбаев туралы кітап жарық көрді
Сұлтанғали Садырбаев туралы кітап жарық көрді
16-08-2022

Алматыда профессор, филология ғылымының докторы, Ыбырай Алтынсарин және Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты Сұлтанғали Садырбаевтың 90 жылдығы аталып өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, филология ғылымының докторы Бауыржан Жақып пен Қансейіт Әбдезұлы, белгілі қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбек, академиктер мен профессорлар және ұрпақтары қатысты.

Жиында жоғары оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, профессордың өмір жолына кеңінен тоқталды.

«Сұлтанғали Садырбаев ғұмырын қазақ халқының ауыз әдебиеті мен фольклор жанрын зерттеуге арнады. Нәтижесінде «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Жамбыл және фольклор», «Фольклор және эстетика», тағы да басқа оқулықтар мен монографиялар жазды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және журналистика факультетінің студенттеріне 48 жыл дәріс оқыды. Бүгінде филология факультетінің бір дәрісханасы Сұлтанғали Садырбаевтың атында. Биыл аудитория күрделі жөндеуден өтіп, жаңа құрылғылармен толықты», – деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ басқосуда белгілі қоғам қайраткерлері мен профессорлар, Сұлтанғали Садырбаевтың шәкірттері сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

Шара барысында университеттің бастамасымен «Ғибратты ғұмыр» сериясы аясында басылып шыққан «Сұлтанғали Садырбаев» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта профессордың өмірбаяны мен зерттеулері, қанатты сөздері, мұрағат құжаттары, толғаныстар мен естеліктері қамтылған.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ