Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Кемел Тоқаевтың кітабы әзербайжан тілінде жарық көрді
Кемел Тоқаевтың кітабы әзербайжан тілінде жарық көрді
18-08-2022

Қазақ детективінің негізін қалаушы, әйгілі жазушы Кемел Тоқаевтың «Ночной выстрел» атты жинағы әзербайжандық «Ганун» баспасынан, әсем етіп безендірілген мұқабамен жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Кітапты әзербайжан тіліне жазушы-аудармашы Нариман Абдулрахманлы аударған. Кітаптың рецензенті филология ғылымдарының докторы, профессор Бадирхан Ахмедли, редакторы Махир Гараев.

Кітаптың алғысөзін детектив жанрында жазылған шығармалардың танымал авторы, Әзербайжан Жазушылар Одағының бірінші хатшысы, Кемел Тоқаевтың шығармаларымен етене таныс халық жазушысы Чингиз Абдуллаев жазды.

Оның «Қасиетті парыз» атты бөлімінде Кемел Тоқаевтың шығармашылығына ауқымды әрі дәл баға берілген және шебер жазушының рухани құндылықтарға ерекше мән беретіні айтылған.

Кітаптың тағы бір ерекшелігі – «Әке туралы бірер сөз» атты басылымның алғысөзі. Оны Кемел Тоқаевтың баласы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жазған.

Өзінің мемуарлық эссесінде Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының өмір жолы туралы баяндайды, оның туып-өскен ортасын суреттейді, майдандағы қиындықтары туралы әңгімелейді. Сондай-ақ Кемел Тоқаевтың жазушы ретінде қалыптасуы жөнінде сыр шертіп, оның шығармаларына деген өзінің көзқарасы, шығармашылық ұстанымы мен жолдастары туралы жүрекжарды пікірін білдіреді.

Жинаққа «Золото с тамгой», «Ночной выстрел» және «Таинственный след» повестері енген. Автор бұл туындыларында алыпсатарлармен күрес, арнайы қызметтердің шетелдік жансыздармен қақтығысы, жаудың барлаушыларының қылмыстарын ашудағы өте жоғары кәсіби деңгейі, соғыс жылдарындағы қиын-қыстау күндерді өте шебер баяндайды.

Бұл кітаптың Қазақстан мен Әзербайжан халқы арасындағы мәдени және әдеби байланыстың нығаюына зор үлес қосып, оқырмандардың кітапты рекше қызығушылықпен оқитыны сөзсіз.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ