Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / 30 жыл бойы жазылған кітап
30 жыл бойы жазылған кітап
18-08-2022

Жетісу облысының Шоқан ауылында 30 жыл бойы жазылған кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар24» арнасы.

Кітапты жазу барысында автор сирек мұрағаттармен танысу үшін бірнеше елдерді аралап, тың деректермен танысқан. Ол «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» деп аталады.

Зерттеудің авторы Жарас Ермекбаев туынды үшін отыз жыл уақытын арнаған. Бұл бекер емес. Өйткені, оның әжесі Шоқан Уәлиханов туған ауылдан. Бүкіл балалық шағы ғалымды қастерлеп, дәріптейтін мекенде өткен автор осылайша Шоқанға кітап арнауды ұйғарады.

«Әсіресе, Шоқанның қолжазбаларын оқу қиынға соқты. Қазақстанда бір адам ғана Шоқанды оқитын. Марқұм ол анау Мариям Сүлейменова деген бір ғалым болған. Тарих институтында. Сол шоқантанушы болды. Жазғаны қысқаша, тез жазады ғой, далада жүреді ғой енді. Көшпенділі болатын, саяхатшы болатын. Сондай өмірі қысқа болғанымен біраз қолжазбалары қалды. Ол бұрынғы Ленинград болды, қазір Санкт-Петорбордың архивінде, мен соны қарадым, отырдым, қоры бар», дейді кітаптың авторы Жарас Ермекбай.

 

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ