Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
24-08-2022

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы туралы баспасөз жиыны өтті. Шараға ҚР МСМ Архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы Любовь Шашкова және жазушы Садық Шерімбек қатысты.

«Биыл 15 маусымда ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев зиялы қауым өкілдері, жалпы ақын-жазушылар және журналистермен кездесе отырып елімізде тұңғыш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын тағайындауды жариялаған болатын. Содан бері екі ай өтті. Енді өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына бір ай уақыт қалды. Ұлттық әдеби сыйлықта «үздік поэзия», «үздік проза», «үздік драматургия», «үздік балалар әдебиеті», «үздік аударма», «үздік комикс» және «үздік кітап» номинациялары бар. Әр номинацияның жеңімпазына 5 миллион теңгеден жүлде тағайындалған. «Айбоз» ұлттық сыйлығы жас, орта буын өкілдеріне жақсы шығармалар жазуына мүмкіндік береді. Сондықтан бұл сыйлық болашақта ешбір сыйлықтан кем түспейтін, тың серпін беретін дүние болады», - деді ҚР МСМ Архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Оның айтуынша, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы – елімізде әдебиетті дамыту бағытында атқарылып отырған келелі істердің пір парасы. «Байқауға қатысатын шығармаларға тақырыптық, мазмұндық жағынан шектеу жоқ. Алайда, мемлекеттік саясатты бағдар ете отырып жас ұрпақтың санасына оң әсер ететін, оқылымды шығармаларды оқырмандарға жеткізу» деген ол, көркемдік сапасына мән берілетінін айтты.

«Екі айдың ішінде байқаудың электронды мекен жайына 150-дей өтінім келіп түсті. Оның ішінде кейбір өтінімдерді ережеге сай келмегендіктен кері қайтарып жатырмыз. Бірақ, сол авторлардың жіберген құжаттарын қайтадан түзеп, қайтадан тапсыруға мүмкіндіктері бар. Сұраныс өте көп. Қоңырау шалып немесе электрондық мекен жайға хат жолдап, түрлі сұрақтар қойып жатқан авторлар бар. Қаламгерлер арасында бірнеше номинация бойынша өтінім жібергендері де кезігеді. Талапқа сай келсе бәрін қабылдап жатырмыз. Барлық сұрақтарға жауап беріп, түсіндіреміз. Жас ерекшелегіне де шектеу жоқ», - дейді ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов.

Әділ Қаженбайұлының сөзінше, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына келетін өтінімдер легі қыркүйек айында көбеюі мүмкін. Өйткені, байқау талаптарына сәйкес, Ұлттық әдеби сыйлыққа тек қана бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалар қабылданады. «Сондықтан сиясы кеппеген жаңа дүниелер әлі де жазылып жатыр деген сенімдеміз» деген ол, «мақсатымыз – жаңа шығармаларға, тың туындыларға жол ашу» дейді.

Ал ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы Любовь Шашкованың айтуынша, дәргейі жоғары ұлттық сыйлыққа қоғам, мемлекет тарапынан қызығушылық оянып, оған қолдау білдірсе, мұндай істер көпшіліктің назарын бірден аударады. «Қаламгерлердің де қызығушылығы артады» деген ол, «бұл байқауда аударма саласына көңіл бөлінуі Тәуелсіз Қазақстан тарихында аударма мектебінің дамуына зор мүмкін береді» дейді.

Жазушы Садық Шерімбектің пікірінше, қазіргі таңда бірте бірте қазақша контеттің айы оңынан туып келеді. «Бұған дейін көретін, тыңдайтын контентіміз отандық өнімге ауысты» деген ол, ендігісі кезекте еліміздегі кітап саласын көркейтетін кез жетті деп есептейді.

«Осы тұрғыда кез келген көмек, қолдаудың маңызы зор. Соның барлығы бұл бағыттың дұрыс жолға түсіп, дамуына көмегін тигізеді. Сол себепті «Айбоз» ұлттық сыйлығына «үздік кітап» пен «үздік комикс» номинациясын қосқанда қатты қуандым. Комикс бағытының балалар контентінде алатын орны мен маңызы ерекше. Бұл – өскелең ұрпақтың ойын қалыптастыруына, жүйелеуіне әсер ететін мықты контенттің бірі. Осындай ауқымы кең дүниенің Қазақстанға келуі және оған жастардың қызығушылық танытуы қуантпай қоймайды. Сондықтан осы жанрды қолдап, арнайы сыйлық тағайындаған ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - дейді Садық Шерімбек.

Естеріңізге салайық, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдерді қабылдау маусым айының 15-де басталған болатын. Әдеби байқау «үздік поэзия», «үздік проза», «үздік балалар әдебиеті», «үздік драматургия», «үздік аударма», «үздік кітап» және «үздік комикс» секілді жеті номинация бойынша өтеді. Әр номинация бойынша бір жеңімпаздан анықталып, әрбір жеңімпазға 5 миллион теңгеден беріледі. Ұлттық әдеби сыйлыққа қатысқысы келетін қаламгерлер туындыларын aiboz@kitap-palatasy.kz электронды мекен жайына қазан айының 1-не дейін жібере алады.

Басқа жаңалықтар
20-02-2026
Қазақ әдебиеті ЗИЯЛЫ
Қазақ ұғымында көшелі істің басында жүріп, елдің тағдыршешті жұмыстарына ешкімнің нұсқауынсыз білек сыбана кірісер азаматтар «зиялы» деп танылады. Кейінгі кездері осы анықтама көп кісінің атына тіркесіп жүр. Лайым, қоғамда зиялы адамдар көп болғай. Ал, шындығында, шын зиялылар кім?!. Көзіміз көріп, еңбегін бағып жүрген бір шоғыр азаматтарды танимыз, білеміз, биіктігі мен ірілігіне сүйсінеміз  ​​​​​​​
19-02-2026
«Кітап және кітапхана ісі туралы заң»
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында отандық баспалар мен кітапхана ісі мамандарының қатысуымен «Кітап және кітапхана ісі туралы заң» тақырыбында маңызды жиын өтті.
10-02-2026
«Конституциялық реформа – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы мүшелері, баспагерлер мен кітап саласының мамандары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – елімізде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін талқылау және бұл реформалардың азаматтық қоғам мен шығармашылық-интеллектуалдық салаларға ықпалын саралау болды. Дөңгелек үстел аясында Салменбаева Толқын Тұрғалиқызы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директор орынбасары, «Конституциялық өзгерістер» тақырыбында баяндама жасап, ұсынылып отырған жаңашылдықтардың құқықтық орта мен салалық қызметке әсері туралы жан-жақты тоқталды.
09-02-2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ҚазҰу журналистика факультеті студенттерімен “QUIZ”ойыны өтті
Ұйымдастырылған QUIZ ойыны — ақын мұрасын ұлықтауға, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған мазмұнды зияткерлік шара болды. Іс-шара барысында “Баспа ісі” мамандығында білім алушыларға ҚР Ұлттық кітап палатасына жұмысқа орналасу бойынша толық ақпарат берілді.
01-02-2026
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер: университет қауымдастығының ұстанымы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы