Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Нұртөре Жүсіп мектепке жеке кітапханасынан 100 кітап тапсырды
Нұртөре Жүсіп мектепке жеке кітапханасынан 100 кітап тапсырды
26-08-2022

Сенатор Нұртөре Жүсіп Түркістан облысы Сауран ауданы Абдулла Үсенов атындағы орта мектеп ұжымымен кездесіп, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұстаздармен кездесуде депутат жаңа білім беру стандарттарына ерекше назар аударды.

«Бүгінде еліміздегі барлық мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған жаңартылған қағида бойынша жұмыс істейді. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Бұл күндері тек білімді болу жеткіліксіз. Әр адам үшін адамгершілік, ізгілік, мейірімділік және патриотизм сияқты қасиеттер біртұтас құндылыққа айналуы керек», – деді Сенат депутаты.

Депутат атап өткендей, Парламенті Сенаты педагогтардың еңбек жағдайын жақсарту бойынша «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл саладағы қадамдар мұғалімдерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға, оларға қатысты емес жұмыстар мен тексерулерден босатуға арналған.

Мектеп ұжымы сенаторға білім беру мәселелеріне назар аударып, үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Сенат депутаты мұғалімдердің қызметтеріне табыс тілеп, кездесуде көтерілген проблемалар мен айтылған ұсыныстар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықталатынын жеткізді.

Іс-шара соңында сенатор сүйікті авторлардың және оқуға міндетті кітаптар тізімімен бөлісіп, мектепке жеке кітапханасынан 100 кітап сыйлады.

«Біздің азаматтарымыз білімді және мәдениетті болуы керек. Жас ұрпақтың санасында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ана тілі мен әдебиетіне, тарих пен өнерге деген құрметті сіңіру, халықтың салт-дәстүрлеріне ұқыпты қарау аса маңызды. Жастарды осыған тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін көп оқу керек», – деді Нұртөре Жүсіп.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ