Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Жолдау – кемел келешектің кепілі
Жолдау – кемел келешектің кепілі
01-09-2022


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына жолдауы талай талқыға арқау болып, елдің ертеңі мен болашағы жолындағы сан түрлі әңгіменің бастауына айналғаны жасырын емес. Өйтені, Мемлекет басшысының кезекті жолдауы еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтің өмірінің айқын бейнесін жинақтап, оның шешу жолдары мен тетіктерін көрсетіп беріп отыр. Осы ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы да қоғамдық өмірдегі маңызды жаңалықтан құр қалмай, Президенттің Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфирден тыңдап, елдің келешегі үшін атқарылатын істің жай-жапсарына бей-жай қарамады.

Биылғы жолдаудың тақырыбы да Жаңа Қазақстан құру мақсатында алға ұмтылған қоғамның тамырын дөп басқандай. «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ». Расында, әділетті мемлекет құра білгенде ғана біртұтас ұлт қалыптасып, қоғамда береке орнайды. Береке орнаған қоғамда «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман туып, бағыт-бағдарымыз айқындалады. Демек, биылғы жолдауда қоғамның тыныс-тіршілігін ашып көрсететін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аяғын нықтап басып, саяси сахнаның сыны мен сыры артуына септігі тиетін бастама, ұсыныстар жетерлік. Бұл ретте Президенттің өзі: «Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға түспек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз», - деп, нақты атап көрсетті. Бұдан өзге Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында: «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ, қайта сайлануға тыйым салынады», - деп, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы саяси реформалар мен бастамалардың нақты қадамын көрсетіп берді.

Демек, елдің ертеңі үшін қауырт жұмыстар әлі алда. Ол үшін нақты қадам, нақты жоспар қажет. Бүгінгі жолдауда сол бір тұстар айқын көрсетілген. Өйткені, мемлекеттің мүддесі әрқашан бәрінен биік тұруы керек.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ