Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Шәмшабану Хамзақызының «Шамшырақ» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кешке Қазақстан Жазушылар одағының басшылары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері және ЖОО студенттері қатысты.
Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Құрмет Ұарабаев ашса, шараны «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» қызметкері, журналист Жарқын Сәленұлы жүргізді.
Шара барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова, филология ғылымдарының кандидаты Жолдасбек Мәмбетов, жазушы Жұмабай Біләлұлы және жазушы-журналист Жүсіпбек Қорғасбек сөз сөйледі. Сондай-ақ, тұсаукесе аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Ердәулет Сардар мен Жанарыс Тілеубек домбырамен арнау орындады.
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй