Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық конгресс аясындағы кездесулер
Халықаралық конгресс аясындағы кездесулер
12-10-2022

Жақында Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Балалар жылына орай «Көпмәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» атты ІІІ Халықаралық конгресі өтті. Шараны ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі, «Altair» балалар кітап академиясы, «Аударма институты» АҰО және «Мир через Духовность» қоғамдық бірлестігі атсалысты.

Конгресс барысында балалар әдебиетін дамыту бойынша педагогтар, ғалымдар, кітапханашылар, баспагерлер мен аудармашылардың байланысын нығайтып, жас жеткіншектерге арналған ұлттық әдеби мұраны сақтау мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, конгерске қатысқан қазақстандық және шетелдік мамандар әлем бойынша балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, балалар тақырыбына жазатын авторларды ынталандыру, сол бағыттағы кітаптарды басып шығару мәселесін қозғап, ойларын ортаға салды. Алқалы жиында ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Салменбаева да сөз алып, балаларға арналған кітап ісінің бүгінгі жағдайы туралы баяндама жасады.

Ауқымды шара аясында құрметті қонақтар ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына арнайы келді. Атап айтқанда, «Altair» балалар кітап академиясының жетекшісі Джемма Аманжолова, «Аударма институты» АҰО (көркем аударма теориясы мен тәжірибесін дамытуға жәрдемдесетін автономды коммерциялық емес ұйымының) атқарушы диреторы Евгений Резниченко және ресейлік тарихшы, мәдениеттанушы, халықаралық көрмелер мен мәдени-ағарту жобаларының кураторы Анна Эспарса Кітап палатысының ұжымымен кездесіп, өзара қарым-қатынасты нығайту барысында пікір алмасты. Бұдан өзге, аударма мәселесі талқыланып, әсіресе екі елдің әдебиетін қазақ және орыс тіліне аудару жайында сөз қозғалды. Сондай-ақ, құрметті қонақтар алдағы қараша айында өтетін «Ұлы Жібек жолымен -2022» атты Халықаралық кітап көрмесіне қызығушылық танытты.

 

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ