Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Ортақ мәдениетті көздейтін баспа одағы
Ортақ мәдениетті көздейтін баспа одағы
12-10-2022


Әзірбайжанда VIII Баку халықаралық кітап көрмесі өтті. Айтулы кітап мерекесіне бір топ қазақстандық делегация қатысты. Олардың қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Ақтілек Тәжі, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры әрі Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының президенті Әділ Қойтанов, сондай-ақ, еліміздегі іргелі «Мектеп», «Атамұра» баспаларының өкілдері болды.

ҚР Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Ақтілек Бертағыұлы кітап көрмесі аясында Әзірбайжан мәдениет министрлігінің өкілдерімен кездесіп, кітап саласына қатысты мәселелер талқыланды. Екі жақты әңгіме барысында осы салаға қатысты көптеген мәселелерді бірігіп шешуге уағдаласты. Сондай-ақ, Баку төрін дүбірлеткен халықаралық кітап көрмесінде «Әзірбайжан баспагерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен басқа да түркітілдес мемлекеттердің баспа бірлестіктері кездесу өткізді. Бұл бас қосуға Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Албания елдерінің баспа қауымдастығының басшылары қатысты.

«Әзірбайжан баспагерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, филология ғылымдарының докторы Шамиль Садық бірінші кезекте Түркі елдері баспаларының одағын құру қажеттігін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Бұл бірлестік кітап индустриясының дамуына елеулі үлес қосып қана қоймай, осы елдердің арасындағы мәдени көпір рөлін атқарады», - деді.

Бұл бастамаға кездесуге қатысқан өкілдер қызу қолдады. Мысалы, Албания аудармашылар қауымдастығының төрағасы Ричеп Хида бұл қадамды «іргетасқа салынған алғашқы тас» деп санайтынын айтты және бұл тасқа ғимарат салынатынына үміт білдірді. Ал Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының президенті Әділ Қойтанов түркі тілдес мемлекеттерді мәдени тұрғыдан жақындастыра түсу үшін, әсіресе осы елдер туралы антологияларды көп тиражбен басып-шығару керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ол түркі әдебиетін қалыптастыру үшін одаққа мүше елдердің шығармаларын аудару қажеттігін, осы тұрғыда бірлескен аударма базасы құрылуы тиіс екенін жеткізді. Бұдан өзге Қырғызстан полиграфистер және баспалар қауымдастығының бас директоры Көшкінбай Төреқұлов әзірге тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттерді қамтитын бұл құрылым біртіндеп Ресейдегі түркі тілдес халықтарды біріктіретінін айтса, Өзбекстан баспагерлер одағының төрағасы Эркин Абдуррахманов ақпараттық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында «Әзірбайжан баспагерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Шамиль Садық «Алтын кітап» баспасының директоры, белгілі баспагер Рафик Исмаиловты бір жылға «Түркі әлемі баспалары Одағы»-ның уақытша төрағасы болуға ұсынды. Бұл идеяны барлығы бірауыздан мақұлдады.

Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ