Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Детектив жанрының дарабозы
Детектив жанрының дарабозы
13-10-2022

Алматыда көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевты еске алуға арналған «Кемел Тоқаев – детектив жанрының дарабозы» атты сек алу кеші өтті.

Шараға елге белгілі қаламгерлер, кітапханашылар мен оқушылар қатысты. Жастар жағы жазушының шығармашылығымен етен танысуға мүмкіндік алса, аға толқын қарымды қаламгер туралы ойларымен бөлісті. Жиналған қауымға Кемел Тоқаев туралы деректі фильм көрсетілді. Бұл туындыда Орталық архивтегі деректер ұтымды пайдаланылған.

Сонымен қатар,
ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел Тоқаев – жазушы, журналист, қайраткер» атты кең көлемді безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл ретте жазушының «Солдат соғысқа кетті», «Ізші», «Аржақтағы арпалыс», «Тайғақта» және т.б. кітаптары, оның редакторлығымен шыққан газет-журналдар, жазушының мерзімді басылымдардағы мақалалары және өмірі мен қызметі туралы материалдар көрсетілді. Ал тілшілерге сұхбат берген кемелтанушы, жазушы Бақтығали Айжігітов: «Әр романын, әр повестін алсаңыз да, ағамыздың ҰОС тақырыбынан басқа жазған Отанды сүю, жерді сүю, адамға деген қарым-қатынас, сүйіспеншілік туралы айтылады. Жастарға ағамыздың шығармаларын көп оқып, ой салатындай біз осындай байқауларды өткізіп жатырмыз», - деп, жазушыны жұртшылыққа кеңінен насихаттау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Қазақ әдеби ортасында кеңінен танымал Кемел Тоқаев елімізде детектив жанрының негізін қалаған жазушы. Ол 1948 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстандық газеттер мен журналдардың редакцияларында жауапты қызметтер атқарды, «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Ведомостарының» бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды. Ұлы Отан соғысының I-II-ші дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Үштөбе қаласындағы орта мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген. 2020 жылы Омбы қаласында (Ресей) қазақ майдангерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды.

 

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ