Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Жазушы Дүкенбай Досжанның 80 жылдығы
Жазушы Дүкенбай Досжанның 80 жылдығы
14-10-2022

Бүгін Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Дүкенбай Досжанның 80 жылдығына орай «Дүкенбай Досжан әлемі: жазушылық зертханасы және ұлт тағдыры» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлы бастаған бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысып, Дүкенбай туралы естеліктерімен бөлісті. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің шығармашылығы жөнінде ойларын ортаға салды.

Дүкенбай Досжан 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Құланшы аулында туған. 1964 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУді үздік аяқтаған. 1963–1966 жж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері, 1966–1975 жж. Алматыдағы мемлекеттік «Жазушы» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1976–1984 жж. ҚР Баспа комитетінде аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1984–1991 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, 1992–1994 жж. «Жалын» журналында аға редактор, 1994–1996 жж. ҚР Авторлық және аралас құқықтар жөніндегі агенттіктің бөлім бастығы, 1996–2002 жж. ҚР Ұлттық Банк мұражайының директоры болып қызмет еткен. 2002 жылдан «Мәдени мұра» – «Культурное наследие» журналының Бас редакторы. Алғашқы өлеңі 15 жасында жарық көрген. Содан бері 11 роман, 22 хикаят, 100дің үстінде әңгіме жазды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 60 жылдай жабулы мұрағатына алғаш енген жазушы сот құжаттары желісімен «Абақты» (1992) дерекнама кітабын және 1986 жылғы Желтоқсан қырғынының қанды ізімен «Алаң» (1993) романын жазды. «Жібек жолы»,»Отырар», «Фараби», «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа табын», «Жолбарыстың сүрлеуі», «Кісі ақысы», «Мұхтар жолы» (1998), «Абай айнасы» (1994), «Алыптың азабы» (1997), «Дала гладиаторлары» (2000), «Ақ Орда» (2005), «Үш тағдыр» (2005), «Бабалықпен тілдесу», «Диолог с детством» (2005, ІІІ том), «Жан тәтті» (2006), «Астананың бас архитекторы» (2007), «Жазмыштың формуласы» (2008), «Абайдың рухы» (2008), «Терезенің жарығы» (2009), «Когда я умирал» (2009) атты кітаптары жарық көрген. Әлемнің 20 тілінде жеке жинақтары шыққан. 1990 жылы 2 томдық таңдамалы шығармалары («Жазушы»), 2002–2003 жылдары 13 томдық шығармалар жинағы («Білім») оқырмандар қолына тиді. ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996), М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987). Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы. «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған. Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған. Жазушының есімі АҚШтың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2ші томына, «Ұлттық энциклопедияның» 3ші томына, «Абай энциклопедиясына», Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.

Басқа жаңалықтар
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
26-06-2026
Қазақстан кітапханалар одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» атты кезекті көшпелі отырысы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан көшпелі отырыс аясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
22-06-2026
Софы Қалыбекұлы Сматаев
   ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Кітап палатасының ұзақ жылдар бойы бас директоры болған Софы Сматаевты 85 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
22-06-2026
Кітап палатасы халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның баспа өнімдерін таныстырды
2026 жылғы 17–21 маусым аралығында өткен Азиядағы ең ірі халықаралық кітап форумдарының бірі – Бейжің халықаралық кітап көрмесі табысты қорытындыланды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ