Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / ALMATY AQSHAMY: Түркі тілді елдер баспагерлерінің одағы құрылды
ALMATY AQSHAMY: Түркі тілді елдер баспагерлерінің одағы құрылды
18-10-2022


Әзербайжан астанасында өткен VIII Баку халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында түркітілдес елдердің баспа бірлестіктері арасында кездесу өтті. Жиынға Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің баспагерлері қатысты.

Әзербайжан Баспагерлер қауымдастығының (ANAIB) басқарма төрағасы, филология ғылымының докторы Шамиль Садық түркі елдерінің баспа одағын құру қажеттігі туралы айтып өтті: «Бұл одақ кітап индустриясының дамуына зор үлес қосумен қатар, елдеріміз арасындағы мәдени көпір рөлін атқаратын болады. Біз Ыстамбұлда болғанымызда қымбатты досымыз Мұстафа Гарагуллуоғлымен осы тақырыпты талқылап, осы мақсатқа жету үшін күш біріктірудің маңыздылығын талқыладық».

Ш.Садық кездесудің қазан айында дүниеге келген ұлы ойшыл Хусейн Джавидтің мерейтойына орай ұйымдастырылғанын да айта келіп: «Хусейн Джавид өз шығармашылығымен ортақ түркі тілін жасауға тырысты. Ұлы ұстаздың басты мақсаты бір өлеңінде: Мәдениет, мәдениет, тек мәдениет – Тұран үшін ұлы күш қылыштан өткір!» делінген. Сөз соңында төраға бұл одақтың құрылуы түркі әлеміндегі мәдени байланыстар үшін маңызды жаңалық болатынын айтты.

Одан кейін Түркия Баспагерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Мұстафа Гарагуллуоғлы алдымен Ташкентте, кейін Бакуде өткен отырыстарда жүргізілген пікірталастарға сүйене отырып, мұндай одақ құруға мемлекеттердің де мүдделі екенін айтты: «Қонақ Түркияда өткізілген Ыстамбұл Publishing Fellowship бағдарламасының елі 2021 жылы Әзербайжан және 2022 жылы Венгрия болды. Өзбекстан келер жылдың наурыз айында шараның қонағы болады. Қазақстан мен Қырғызстан алдағы жылдарда қонақ елдер ретінде жоспарлануда».

М.Гарагуллуоғлы Баспагерлер одағының бастамасы бейресми форматта қалмауы керектігін атап өтіп, бұл үшін өзінің барлық мүмкіндігін пайдалануға уәде берді. Қазақстан баспагерлері және баспагерлер қауымдастығының басшысы Әділ Қойтанов мәдени жақындықты дамыту мақсатында бауырлас түркі халықтарының әдеби антологияларын өз елінде басып шығаруға болатынын атап өтті. Сонымен бірге, әдеби байланыстарды нығайту үшін одаққа мүше елдердің авторларының шығармалары аударылып, бұл үшін аудармашылардың ортақ базасы жасақталуы қажеттігін қадап айтты.

Сондай-ақ, жиында ортақ әдеби ортаны қалыптастыру және үйлесімді дамыту мақсатында қатысушы елдердің авторларының кездесулерін ұйымдастыру ұсынылды. Өзбекстан Баспагерлер және кітап саудагерлері одағының төрағасы Эркін Абдуррахманов мұндай кездесулердің жиі өткізіліп тұруының маңыздылығын айтып, түркітілдес елдер баспалары арасында, әсіресе, ақпарат алмасу саласында ынтымақтастық орнату қажеттігін айтты. Шамиль Садық Түркі әлемі баспагерлер одағының бір жыл мерзімге уақытша төрағасы етіп «Алтун Китаб» баспасының директоры, ф.ғ.д. Рафик Исмаиловты сайлау туралы ұсыныс жасап, бұл кандидатура бірауыздан қабылданды.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ