Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Анкарада Абай Құнанбайұлы туралы кітап жарық көрді
Анкарада Абай Құнанбайұлы туралы кітап жарық көрді
19-10-2022

Абай Құнанбайұлына арналған ұжымдық монография Анкарада ағылшын тілінде басылып шықты. Сондай-ақ, «Абай Құнанбайұлы сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты ғылыми еңбек те жарық көріп отыр.

Бұл еңбектер шетелдік қауымға қазақ ойшылы Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды көздейді. Екі томдық кітап 1889 жылдан 2020 жылға дейін баспасөзде жарияланған барлық еңбектерді толық қамтыған ғылыми басылым. Библиографиялық көрсеткіште 12 мыңнан астам дерек қамтылған.

«Бұл абайтанушы ғалымдарға да, жас ізденушілерге де жалпы Абай шығармасына қызыққан халыққа өте қажетті. Бұнда ерекшелігі сол, осы еңбектерге сипаттама беріліп, оның ерекшеліктерін айтуында», - дейді «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір.

Дереккөз: baq.kz

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ