Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Шерхан Мұртазаға еңселі ескерткіш қойылды
Шерхан Мұртазаға еңселі ескерткіш қойылды
20-10-2022

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысында көлемді іс-шаралар басталды. Бүгін Тараз қаласында қаламгердің еңселі ескерткіші ашылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі Көрме павильонында «Шерхантаным: қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің даму тенденциялары» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Аталған конференция Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы-журналист – Мейрамбек Төлепбергеннің модераторлығымен жүзеге асады.

Мерейтой сағат 14:00-де Жуалы ауданы Талапты ауылындағы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалды үйінің (өзі тұрған үйі) ашылу салтанатымен жалғасын табады. Сондай-ақ, «Шыңның жүзі – Шераға» республикалық ақындар мүшайрасының және «Ақиқаттың ақ туы» республикалық қаламгерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Іс-шаралар легі ақындар айтысымен, облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланады.

Мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын атап өтуге негізделген іс-шараларға шақырылған құрметті қонақтар қатарында ақын, жазушы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шаханов, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, доктор, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі М. Құл-Мұхамед, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, жазушы, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин сынды белгілі тұлғалар бар.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ