Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі
Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі
20-10-2022

Германияда дәстүрлі Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. Осымен 74-ші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңке қазан айының 23-не дейін жалғасады. Пандемияға байланысты екі жылдық шектеуден кейін жалғасын тапқан кітап жәрмеңкесі осы жолы еш шектеусіз өтуде. Оған әлемнің 100-ге жуық елі қатысуда. Айта кетейік, екі жылдық пандемиядан кейін кітап жәрмеңкесінде ерекшелік көп. Өйткені, әрбір кітап жәрмеңкесі басқалардан ерекшеленіп тұратыны сөзсіз.

Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесінің әр күні қызықты әрі мазмұнды оқиғаларға толы болмақ, Мәселен, бүгін Нир Зихерман (Spotify аудиокітаптарының вице-президенті және жаһандық басшысы) Франкфурт студиясында Spotify аудиокітаптарының жаңа бөлімшесінің көзқарасы туралы әңгімелейді. Publishing perspectives форумында Дженс Клингельхефер (Bookwire бас директоры), Натан Халл (Beat technology стратегиясының директоры) және Ама Дадсон (AkooBooks Audio бас директоры) аудио басылымдардың бөлшек сауда саласындағы соңғы оқиғаларын талқылайды.

Естеріңізге салайық, Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесіне қазақстандық делегация да қатысып отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораштың айтуынша, сапар барысында халықаралық баспалармен кездесулер өтіп, әдеби аударма ісі бойынша тәжірибе алмасу мәселесі қаралды. «Оның ішінде қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларын әлемнің танымал тілдеріне аударып, ұлт әдебиетін халықаралық деңгейде насихаттау жүйесін қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізілді. Биылғы жылы Франкфурт кітап жәрмеңкесі (Frankfurter Buchmesse 2022) аударма тақырыбына көптеген аспектілері бойынша назар аударуда: шет ел тілдеріне аударма ісінің ерекшеліктері, бұқаралық ақпарат құралдарының нысандары және оның контекстері, сондай-ақ мәдениетаралық түсіністікте аударманың рөлі және байланысы тақырыбы кеңінен талқылануда», - дейді ол.

«Frankfurter Buchmesse» халықаралық кітап жәрмеңкесі – әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесінің бірі саналады. Бұл шара жыл сайын қазан айының ортасында өткізіледі. Мұнда жиналған баспа ісі нарығындағы тың дүниелермен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алады.

 

Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ