Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Ыбырай Алтынсарин туралы кітап жарық көрді
Ыбырай Алтынсарин туралы кітап жарық көрді
03-11-2022
  • Қазақстаным» сериясы бойынша ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы «Даланың таза бұлағы» атты кітап жарыққа шықты. Онда мұрағаттық, экспедициялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған көптеген тың тарихи дерек жарияланған. Жаңа кітаптың таныстырылымы Қостанай қаласында өтті.

Тұсау кесер рәсімін ашқан ақын Ақылбек Шаяхмет қазақы ұғымға сия қоймайтын «Дала қоңырауы» деген атаудан алшақтап, халық ағарту ісінің тұңғыш абызын таза бұлаққа теңеу әбден орынды деп біледі.

Бұл кітаптың тағы бір ерекшелігі, жаңа технологияға негізделгені. Оқырман ОR код көмегімен деректі фильм, аудио жазбалармен таныса алады. Сондай-ақ бұл кітапта ұлы ағартушыға қатысты көптеген тың деректер жарияланған.

Ы. Алтынсарин музейі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Өтелбаеваның айтуынша, осы кітап жазу барысында ешбір жерде жарияланбаған Балқожа бидің суретін табылған.

Ыбырай Алтынсарин Ырғыз, Николаев, Торғай, Илецк елді мекендерінде мектеп ашқандығы көпке мәлім. Бірақ Ресейдің Троицк қаласында 1879 жылы екі қабатты білім ордасы мен медресе жатақханасын салуға қаржылай қолдау көрсеткендігін біреу білсе, біреу білмейді Ол турасында кезінде америкалық ғалым Хамида Эльгара осы ғимараттардың құрылысына көпес Алтынсарин ақша бөлді деп жазыпты. Зерттеуші ғалымдар оның Ыбырай Алтынсарин екендігіне шүбә келтірмейді.

«Троицк қаласындағы өлкетанушы тарихшы Рауф Гизатуллин оны зерттеп, дәлелдеді. Енді біз Алтынсарин салдырған медресе жатақханасына мемориалды тақта немесе басқа бір белгі орнату ойымызда бар. Бұл Троицк қаласы тарихындағы ерекше оқиға болмақ. Кітап бес мың данамен екі тілде шығарылып отыр. Тарихи деректер сапалы видео, суреттермен кескінделген жинақ кез-келген жасқа түсінікті әрі ұғынықты», - дейді, Троицк өлкетану музейінің қызметкері Венера Шакенова.
Дереккөз: Хабар 24

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ