Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Ұлы жібек жолы» көрмесі
«Ұлы жібек жолы» көрмесі
17-11-2022

2022 жылғы қарашаның 23-25 аралығында Алматы қ. «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстанның баспагерлер, полиграфисттер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлесіп, «Ұлы Жібек Жолымен–2022» Х Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі өткізеді.

«Ұлы Жібек Жолымен–2022» көрмесі – жәрмеңкеге қатысушы баспагерлер, кітап таратушылар және полиграфисттер қызметінің, Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарының мәдени өміріндегі айшықты оқиға саналады.

Көрменің негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстандағы заманауи кітаптарды кеңінен таратуға қол ұшын беру, отандық кітап ісі саласын нығайту, баспа жұмысының субъектілері арасында тәжірибемен алмасу, отандық кітап нарығында ұлттық өндірушілердің орнын нығайту болып табылады, сонымен қатар көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітапсатушы компаниялардың арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайту, елдер мен серіктес компаниялар арасындағы байланыстардың әріқарай дамыту, полиграфия, кітапсату және кітап өндірісіне ең соңғы технологиялар еңгізу және т.б.

Көрмеде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық компаниялары мен кітапханалары, сондай-ақ, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Мәдени өкілдігі кітапханалық және баспа-полиграфиялық салаларының болашағы мен өзекті мәселелерін талқылауға, іскерлік және кәсіби байланыстарды кеңейтуге және тәжірибе алмасуға жиналады.

«Ұлы Жібек Жолымен–2022» X Халықаралық кітап және полиграфиялық көрме бағдарламасында кітап нарығының мамандарына – баспагерлерге, кітапсатушыларға, әдеби агенттіктеріне, полиграфиялық компанияларға арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер енгізілген:

- ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының 85 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция;

  • Bookfund.kz кітаптардың ақпараттық-анықтамалық жүйесінің таныстырылымы;
  • «Нарықтағы кітап ісі: бүгін мен болашақ» атты еліміздің барлық өңірінен келген баспагерлердің кездесуі;
  • «Кітап ісі нарығында шетелдік баспа мекемелерімен тәжірибе алмасу» атты дөңгелек үстел.

Сондай-ақ, белгілі қаламгерлер және жас авторлармен кездесулер, жаңадан шыққан кітаптардың таныстырылымы, түрлі концерттік қойылымдар мен жыр кештері ұйымдастырылады. «Балалар жылы» аясында жеткіншектердің шығармашылығын қолдауға арналған әдеби ойындар мен жұмбақтар, өлең оқу және т.б. балалар бағдарламасы әзірленген.

Сонымен қатар, көрме аясында 2020-2022 жылдар аралығында жарыққа шыққан кітаптар арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталады. Бұл байқау алты номинация бойынша, яғни, «Жыл кітабы», «Үздік көркем басылым», «Үздік оқулық», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік көркем және танымдық басылым», «Үздік фотоальбом», «Үздік полиграфиялық орындау» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталады.

Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ