Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен-2022» халықаралық кітап жәрмеңкесі басталды
Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен-2022» халықаралық кітап жәрмеңкесі басталды
23-11-2022


Бүгін Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында «Ұлы Жібек Жолымен-2022» Х Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі басталды. Алатау бөктеріндегі кітап мерекесін ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Айта кетейік, жәрмеңкеге қазақстандық баспа өкілдерімен қатар Ресей мен Қырғызстаннан клген құрметті меймандар, сонымен қатар, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығының Мәдени өкілдігі қатысып отыр.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Ақтілек Тәжі ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құттықтау хатын оқып берді. Одан кейін ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ресей кітап шығарушылар қауымдастығының (РКШҚ) президенті Константин Чеченев, Иран Ислам Респбуликасының Алматы қаласындағы бас консулы Мухсин Фағани, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов және тағы да басқа құрметті меймандар сөз сөйлеп, барша қауымды жәрмеңкенің ашылу салтанатымен құттықтады.

Жәрмеңкенің алғашқы күнінде қонақтар көрермен тамашалап, өздеріне қажетті кітаптарды сатып алып қана қойған жоқ, сонымен қатар түрлі кездесулердің куәсі болды.

Арнайы сахнада Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қадырбек Сегізбаев және «Айналсоқ» кітабының авторы ақын Дәулеткерей Кәпұлымен кездесу өтіп, мазмұнды әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ақын Ұлықбек Есдәулеттің таяуда жарық көрген «Иірмекіл» кітабы да жұртшылыққа таныстырылды.

Көрме барысында Ресей Федерациясынан келген белгілі жазушы Гөзел Яхина оқырмандармен кездесіп, қаза тілінде жарық көрген кітаптары тағы бір мәрте оқырмандарға ұсынылды. Автор түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп, өзінің шығармашылық зертханасымен бөлісті.

Естеріңізге салайық, «Ұлы жібек жолымен-2022» Х Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі қарашаның 25-не дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ