Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Алматыда "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Алматыда "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
08-12-2022

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, өнер жұлдыздары және өзге де әдебиет сүйер қауым қатысты.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 402 өтінім түсті. Оның ішінде қазылар алқасының таңдауымен 49 шығарма (әр аталым бойынша 7 шығармадан) байқаудың шорт-листіне енді. Өтінімдер 4 ай ішінде 7 аталым бойынша қабылданды: «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік көркем аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс», «Үздік кітап дизайны».

«Алаш кезеңінде үздік романға жарияланған бәйгенің арқасында төл мұраларымыз «Қамар сұлу», «Қалың мал» сияқты іргелі классикалық шығармалармен толықты. Бұл өркениетке, руханиятқа жасалған қызметтің өшпестігін дәлелдесе керек. Біздің де осы «Айбоз» сыйлығын жариялағандағы басты мақсатымыз – жаңа қазақ әдебиетіне сүйекті де сүбелі шығармалардың көптеп қосылуына ықпал ету болатын. Бүгінгі әдеби ұлттық сыйлыққа ие болған барша қаламгерді шын жүректен құттықтаймын», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Министр қолданыстағы заңнамаға кітап шығаруға қатысты өзгерістер енгізілгенін де атап өтті.

«Кейінгі кезде әдебиетті цифрлы әлем ысырып тастады деп көп естиміз. Әлеуметтік желінің жеңіл жанрлары көркем шығармаларға жол беретін емес деп алаңдаймыз. Бірақ, біз әдебиет қаншалықты нәзік болғанымен, соншалықты қуатты екенін ескере бермейміз. «Әдебиет өз бетімен дамуы қажет» деген пікірді де жиі естіп жатамыз. Әрине, нарық реттейтін тұстар болуы керек. Дегенмен, тарихтағы тұңғыш заманауи роман, Мигель де Сервантестің «Дон Кихоты» да арнайы сұраныспен жазылып, әлі күнге дейін сөремізден де, сөмкемізден де түспей келе жатқанын ұмытпауымыз керек. Әдебиетімізге жаңа есімдер мен тың туындылардың қосылуына айрықша мән беріп отырмыз. Биылдан бастап «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен отандық авторлардың бұрын-соңды жарық көрмеген жаңа кітаптарын шығаруды бастадық», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары:
«ҮЗДІК ПОЭЗИЯ» аталымы бойынша «Жұмбақ арал» поэмасының авторы Батырхан Сәрсенхан жеңімпаз атанды.
«ҮЗДІК ПРОЗА» аталымында белгілі жазушы Айгүл Кемелбаеваның «Тырнақ» повесті үздік деп танылды. «ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯ» аталымы бойынша «Мың мен жалғыз...» пьесасымен белгілі режиссер, жазушы Талғат Теменов, «Үздік аударма» аталымында Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллаларының аудармасы үшін Кенжебай Ахметов, «ҮЗДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ» «Іздер құпиясы» шығармасымен Бекен Ыбырайым, «ҮЗДІК КІТАП ДИЗАЙНЫ» аталымында «Кенесары хан уа сұлтан» кітабымен AmalBooks баспасы жеңімпаз деп танылды. Айта кетейік, қазылар алқасының шешімімен биыл «ҮЗДІК КОМИКС» аталымы бойынша марапат берілмейтін болды.


Қазылар алқасы жабық форматта жұмыс істеді. Марапаттау рәсімі барысында жүргізуші жеңімпаздардың аты-жөнін ғана емес, үздіктерді анықтаған қазылар алқасының құрамын да жарияланды. Сонымен, қазылар алқасында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулет, ақын Маралтай Райымбекұлы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дидар Амантай, жазушы, сыншы-аудармашы Осман Төреғұлұлы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері,жазушы Жұмабай Шаштайұлы, белгілі аудармашы-сыншы Әлия Бөпежанова, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапай, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Гүлнар Салықбай, баспагер-дизайнер Александр Садвакасов, жазушы Садық Шерімбек, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері,ақын, аудармашы Мейірхан Ақдәулет төрелік етті.

«Байқауға қатысқан авторлар да, олардың жұмысын сараптаған қазылар алқасы құрамы да соңғы сәтке дейін құпия болды. Біз шығармаларды оқып, баға бергенде авторлардың аты-жөнін, жасын, жетісіктері жайлы білген жоқпыз. Жасырын болды. «Айбоз» сыйлығы өз орнын тапқан әділ сыйлық болды деп есептеймін. Себебі әдебиетімізде Халықаралық «Алаш» сыйлығы бар, содан кейін Мемелекеттік сыйлық бар, осы екеуінің арасында дәл осы «Айбоз» секілді әдеби сыйлық керек еді. Мәдениет министрлігінің ыждахатымен дүниеге келген сыйлық үшін қаламгерлер қауымы атынан алғысымды білдіргім келеді», - деді қазылар алқасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Басқа жаңалықтар
20-02-2026
Қазақ әдебиеті ЗИЯЛЫ
Қазақ ұғымында көшелі істің басында жүріп, елдің тағдыршешті жұмыстарына ешкімнің нұсқауынсыз білек сыбана кірісер азаматтар «зиялы» деп танылады. Кейінгі кездері осы анықтама көп кісінің атына тіркесіп жүр. Лайым, қоғамда зиялы адамдар көп болғай. Ал, шындығында, шын зиялылар кім?!. Көзіміз көріп, еңбегін бағып жүрген бір шоғыр азаматтарды танимыз, білеміз, биіктігі мен ірілігіне сүйсінеміз  ​​​​​​​
19-02-2026
«Кітап және кітапхана ісі туралы заң»
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында отандық баспалар мен кітапхана ісі мамандарының қатысуымен «Кітап және кітапхана ісі туралы заң» тақырыбында маңызды жиын өтті.
10-02-2026
«Конституциялық реформа – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы мүшелері, баспагерлер мен кітап саласының мамандары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – елімізде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін талқылау және бұл реформалардың азаматтық қоғам мен шығармашылық-интеллектуалдық салаларға ықпалын саралау болды. Дөңгелек үстел аясында Салменбаева Толқын Тұрғалиқызы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директор орынбасары, «Конституциялық өзгерістер» тақырыбында баяндама жасап, ұсынылып отырған жаңашылдықтардың құқықтық орта мен салалық қызметке әсері туралы жан-жақты тоқталды.
09-02-2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ҚазҰу журналистика факультеті студенттерімен “QUIZ”ойыны өтті
Ұйымдастырылған QUIZ ойыны — ақын мұрасын ұлықтауға, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған мазмұнды зияткерлік шара болды. Іс-шара барысында “Баспа ісі” мамандығында білім алушыларға ҚР Ұлттық кітап палатасына жұмысқа орналасу бойынша толық ақпарат берілді.
01-02-2026
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер: университет қауымдастығының ұстанымы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы