Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңа жыл қарсаңындағы марапат
Жаңа жыл қарсаңындағы марапат
28-12-2022

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында еліміздегі баспа саласындағы қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Жаңа жыл қарсаңындағы шараға бірнеше баспа өкілдері, кітап ісі саласының қызметкерлері қатысты.

Салтанатты марапат барысында ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директорының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы сөз сөйлеп, жырдан шашу шашты.

Жиын барысында кітап ісі саласында өнімді еңбек етіп жүрген жандар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы атынан Алғыс хатпен, Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» төс белгісімен марапаттады.

Айта кетейік, салтанаттты шара барысында Кітап палатасының ұжымынан құралған «Абысындар» ансамблі жиналғандарға әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күйді бір көтеріп тастады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Алғыс хат иеленгендер:

 

Светлана Мамытқанова («Дәуір» баспасы), Назира Жақсылыққызы («Дәуір» баспасы), Әсел Үкібаева («Адал» баспасы), Айгүл Алдашева («Дарын» баспасы), Клара Саркенова («Қазақ энциклопедиясы» баспасы), Фарида Сахипова («Алматыкітап» баспасы), Айнұр Сейталиева ("8&8" баспасы), Асқар Қаржаубаев («Өлке» баспасы), Алма Оразбаева («Атамұра» корпорациясы), Камила Тұрғынбаев (Полиграфиялық колледж), Дамела Қадырбаева («Балалар әдебиеті» баспасы), Айгүл Бекболатова («Арман – ПВ» баспасы), Роман Панов (ALL Company баспасы), Райса Сайран (Steppe&World), Ербол Байболов (Qasym баспа үйі), Азамат Қанапиянов (блогер), Қуат Ахметжанов (блогер), Қанат Таңғатаров (ҚР кітап ісі «Bookfund» жобасының жетекшісі), Ғұсман Жандыбаев («Жазушы» баспасы), Жазира Нұрғожина («Сардар» баспасы).

 

Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» төс белгісін иеленгендер:

Бағдат Болатұлы (Отбасы хрестоматиясы), Орынбек Әнесов (Қазақ кітабы баспасы), Александ Мазин (Курсив баспасы), Мақсат Тәжімұрат (әдебиеттанушы-ғалым), Бекен Нұрахметов (ҚР Журналистер одағының лауреаты, кеден қызметінің ардагері), Данияр Төрехан («Almaty aqshamy» газетінің Бас редакторы).

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының және Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының Алғыс хатын иеленгендер:

Ерсін Қаратаев («Дәуір» баспасы), Марлин Умитилдаев («Дәуір» баспасы), Айдана Байсейітова («Адал» баспасы), Айсұлу Болатқызы («Дарын» баспасы), Ғалия Егеубаева («Қазақ энциклопедиясы» баспасы), Эйдар Алиев («8&8» баспасы), Асима Рысқұлбекова («Алматыкітап» баспасы), Гүлнара Күзенбаева («Өлке» баспасы), Дария Омарбекова (Полиграфиялық колледж), Гүлнара Құдайбергенова («Балалар әдебиеті» баспасы), Айжан Жұмағұлова («Арман-ПВ» баспасы), Әйгерім Раушанов, Ерлан Оспанәлиев, Ренат Шайсламов, Рахметжан Ажиев, Айжан Жұмағұлова, Ханзада Искарина, Мейіржан Әнуарбек.
Басқа жаңалықтар
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
26-06-2026
Қазақстан кітапханалар одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» атты кезекті көшпелі отырысы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан көшпелі отырыс аясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
22-06-2026
Софы Қалыбекұлы Сматаев
   ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Кітап палатасының ұзақ жылдар бойы бас директоры болған Софы Сматаевты 85 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
22-06-2026
Кітап палатасы халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның баспа өнімдерін таныстырды
2026 жылғы 17–21 маусым аралығында өткен Азиядағы ең ірі халықаралық кітап форумдарының бірі – Бейжің халықаралық кітап көрмесі табысты қорытындыланды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ