Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бір жылда 100 кітап оқыған адам
Бір жылда 100 кітап оқыған адам
30-01-2023

Кітапты және оқуды насихаттау, қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақса­тында өңірде игі бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл орайда заман ағымына сай кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалды деңгейі мен сұраныстарын ескерген, менеджер, бағдарламашы, психолог сынды бірнеше саланы меңгерген кітапханашылардың еңбегі ерен.

Мысалы, жуырда Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық мәде­ниет басқармасының ұйымдастыруымен «Кітап Travel-­2023» акциясы басталды. Өңірлік кітапханалардың қ­ыз­мет көрсету бағытында озық идеяларды анықтау мақ­сатындағы акция шымылдығын Түркістан қала­лық орта­лықтандырылған кітапхана жүйесі ашты. «Шежірелі өлкеден – рухани темірқазыққа» атты шарада «Көркем мінез көркем әдебиеттен» тақырыбы­мен өңірлік кітапханалардың инсталляциялық кітап көрмесі өткізілді. Жыл соңына дейін жоспарланған акция екі бөлімнен тұрады. «Тарихтан жеткен аманат» тақырыбында аудандық кітапханалар электронды цифрлы сирек қорды ұлғайту бойынша «Farab» кітапханасына қор жинақтайды. Цифрлы форматтағы және түпнұсқа қолжазбалар түріндегі сирек қорын көбейтуге қолдау көрсету үшін белгіленген кестеге сай облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында бас қосады. Акцияның басталуына орай өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев аталған іс-шара арқылы кітапхана қорын 20 мыңға жеткізу жос­парланып отырғанын жеткізді. Ауыл кітапханаларына көңіл бөлінбек. «Өңірге танымал қаламгерлерді арнайы шақырып, үйлеріндегі том-том кітаптарды кітапхана қорына сыйға тарту мәселесін қарастырған жөн. Сақ­таулы тұрған кітаптардың игілігін халыққа арнауымыз керек», деген Б.Тәжібаев кітапхана қорына 100 кітап сыйға тартты. Ал ғалым, дінтанушы Досай Кенже­тайұлы жақында ғана жарық көрген «Ясауи анто­ло­гиясы» атты 9 томдық кітабы мен өз кітапхана қорын­дағы 80 кітапты сыйлады. Акция жыл көлемінде жал­ғасады, яғни кітап жанашырларының аталған акцияға қатысуларына толық мүмкіндік бар. Мақсат етілген 20 мың кітапты жинап, 17 аудан, қалаға өз деңгейінде көпшіліктің оқуы үшін бөліп беру жоспарланып отыр.

Кітапты насихаттау, оқырманды көбейту мақ­сатында облыстық «Farab» кітапханасы өткен жылы «Әдеби финал» семинарын өткізген болатын. Жыл бойы өткізілген іс-шара жуырда қорытындылан­ды. Аудандық, өңірлік кітапхана басшылары мен қыз­меткерлері қатысқан іс-шара барысында кітапхана үздіктері мен «Алтын формуляр» иегері, оқырмандар арасынан үздіктер анықталып, түрлі аталым бойынша марапат тапсырылды. Атап айтсақ, «Әдеби финал» семинарының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде 100 кітап оқып, көптің ішінен оза шыққан Өтеген Ысқақұлы қария «Алтын формуляр» иегері атанды. Сонымен қатар «Үздік оқырман отбасы» аталымына – 2-сынып оқушысы Бекнұр Нұржанұлы, «Кітапхана­ның тұрақты үздік оқырманы» аталымына – Шерхан Саматұлы, «Ерекше мүмкіндікке ие оқырман» аталымына Қымбат Советханқызы лайықты деп танылды. Жеңімпаздарға статуэтка және қаржылай сыйлық табыс етілді.

«Егемен Қазақстан»

Басқа жаңалықтар
20-10-2025
«Frankfurter Buchmesse 2025» 77-ші Франкфурт кітап жәрмеңкесінен көріністер.
16-10-2025
Қазақстан Франкфурт Кітап көрмесінде: Ұлттық әдебиет – халықаралық аренада
15–19 қазан күндері Германияның Франкфурт қаласында өтетін «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесінде Қазақстан өз ұлттық стендін ашып, отандық баспалардың жаңа туындыларын әлем жұртшылығына таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
03-09-2025
Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды
03-09-2025
Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды
Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды
29-08-2025
Астана қаласында Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2025 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы