Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында әйгілі жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларын талдау бойынша оқырман конференциясы өтті. Елордалық әдебиетшілер мен оқырмандар бас қосқан аталмыш жиында қаламгердің «Оң қол» хикаяты талқыға түсті. Сөйтіп атақты шығарманың әлеуметтік, психологиялық, философиялық қыр-сыры кеңінен қаузалған. Ұлттық кітапхананың Әбіш Кекілбаев залында өткен конференциядан фоторепортаж ұсынып отырмыз.
Дереккөз: adebiportal.kz