Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Атырау университетінде Зейнолла Қабдолов атындағы аудитория ашылды
Атырау университетінде Зейнолла Қабдолов атындағы аудитория ашылды
07-02-2023

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ғалым Зейнолла Қабдоловты еске алуға арналған «Зейнолла Қабдолов: Әлем және қазақ әдебиеттану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция Атырау университетіндегі «Тұлғалар аллеясы» алаңында Зейнолла Қабдолов ескерткішіне гүл қойып, тағзым етуден басталды.

Сонымен қатар білім ордасында ғалымның әдеби танымдық мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында атаулы дәрісхана ашылды.

Дәрісхананың лентасын қию рәсімі Қырғыз Республикасы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры Абдылдажан Акматалиев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры Жанғара Дәдебаев, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Ісләмжанұлына ұсынылды.

Дереккөз: turkystan.kz

Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ