Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Мыңжылдық махаббат» кітабының таныстырылымы
«Мыңжылдық махаббат» кітабының таныстырылымы
17-02-2023

Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, танымал жазушы Сәуле Досжанның «Мың жылдық махаббат» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапхана төріндегі кітаптың таныстырылымына Қазақстан жазушылар одағының өкілдері, белгілі қаламгерлер мен оқырмандар жиналды.
Бұл кеш жөнінде әлеуметтік желі қолданушыларының бірі: «Автор ғашықтық хикаятына колумбиялық жазушы Габриэль Гарсиа Маркестің «Шын махаббатыңызды жолықтырсаңыз, ол сізден ешқайда қашып құтылмайды» деген ұлағатты сөздерін арқау еткен. Сюжетті дамыту барысында кейіпкерлерінің жан дүниесіне үңіліп, өмірдің таусылмайтын сұрақтарына жауап іздейді. Бүгінгі қоғамдағы әйел тағдыры мен оның күнделікті тіршілікте алатын орны, өмірден түйген ойы мен даналығы, махаббат жолындағы шынайылығы көркем суреттеледі», - деп ата өтеді. Ал белгілі ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы: «Жазушы Сәуле Досжанның «Мың жылдық махаббат» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы «Атамұра» баспасынан жарық көріпті. Жаңа кітап оқырман қолында тозсын! Сәуле әпкеміз біздің «Мөлдір бұлақ» журналының қолдаушысы, әрі авторымыз. Осы 2023-жылға 20 дана журналға жаздырып берді. Біз он данасын Нұркенттегі 201-мектепке, он данасын Райымбек ауданы Қызылшекара ауылындағы ақын Көдек Байшығанүлы атындағы мектепке жіберіп жатырмыз. Ұрпаққа жанашырлығына Алла риза болсын!» - деп жазба қалдырыпты.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ