Әділ Қаженбайұлы Қойтанов 1962 жылы дүниеге келген.
1988-1994 Республикалық «Лениншіл жас» газетінде қызметкер, жауапты хатшысының орынбасары, жауапты хатшы міндеттерін атқарған.
«Ырғақ» музыкалық газетінің алғашқы редакторы, 1994-1995 «Жас алаш» жарнама агенттігінің директоры, 1995-1997 «Ханзада», продюсерлік компаниясының, 1997-2000 ЖШС «Адил и К» директоры, 2001-2005 «Мұрагер» баспа үйінің директоры, 2005-2006 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Гүлдер» республикалық мемлекеттік ансамблінің директоры, 2006 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ қарасты «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің филиалы директоры, 2006-2007 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Баспалар үйі» АҚ президенті қызметін атқарған.
2007- 2008 «Сардар» баспа үйінің директоры, 2008-2012 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Казахфильм» АҚ «Территория кино-Кино алаңы» журналының бас директоры, 2012-2019 «Сардар» баспа үйінің директоры болып қызмет еткен.
2019 жылдың мамыр айынан қазіргі кезге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры.
«Құрмет» ордені және «Кітап ісінің үздігі» медалімен марапатталған.