Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін ақын Темірхан Медетбектің туған күні
Бүгін ақын Темірхан Медетбектің туған күні
06-03-2023

Темірхан Медетбек - 1945 жылы 6 наурызда Аманкелді атындағы колхозда (казіргі Нұртас ауылы) Түркістан ауданы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол орта мектепті Түркістан қаласында бітіргеннен кейін екі жылға жуық туған ауылында колхозшы, сонан кейін бір жылдай аудандық газетте корректор болып жұмыс істеген.

Алматыдағы Абай атындағы институттың филология факультетінде оқыған, республикалық телевидениеде қатардағы редактор болған.

Жетпісінші жылдардың басында Маңғыстаудағы бірқатар геологиялық-барлау экспедицияларында жұмысшы боп, 1973 жылы Маңғыстау облысы ашылғаннан кейін облыстық газетте әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

Республикамыз тәуелсіздік алар алдындағы тұста, яғни 1990 жылы, сондай-ақ тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы кезеңде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, сонан кейін Маңғыстау облыстық радио және телевидение комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Медетбек Темірхан 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып сайланды.

Ол 2003 жылы Республикалық «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, ал 2006 жылы республикалық «Жұлдыз» әдеби-көркем журналының бас редакторы болып тағайындалды.

Медетбек Темірхан көптеген кітаптардың авторы. Оның «Жанымның жапырақтары», «Сапар алдында», «Алыс шақырымдар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар», «Дауыс», «Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын», «Тағдырлы жылдар жырлары», «Көк түріктер сарыны» жыр жинақтары мен «Менің Абайым», «Баба дәстүрдің мұрагері кім?», «Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл» атты сан кітаптары жарық көрген.

Өлеңдері қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар, тілдеріне аударылған.
Өзі де Пушкин, Лермонтов, Якоб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Еркін Вахидов сияқты ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Генрих Белдің «Иесіз үй» романы мен Владимир Набоковтың бірнеше шығармаларын аударған.

Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, сондай-ақ Қазақстан жазушылар одағаның, Бейбарыс атындағы сыйлықтардың лауреаты. Ол тәуелсіз еліміздің «Құрмет» орденімен және бірқатар медальдарының иегері. Отбасында әйелі, төрт баласы, немерелері бар.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ