Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Түркі дүниесі Жазушылар одағының эмблема-логотипі қабылданды.
Түркі дүниесі Жазушылар одағының эмблема-логотипі қабылданды.
04-04-2023

Өзбекстанда өткен бірінші басқосуда Түркі дүниесі Жазушылар одағының эмблема-логотипі қабылданды. Бұл туралы аталмыш одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Алдағы 2024 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланды. Сонымен қатар Түркі дүниесінің жыл сайын берілетін Әдеби сыйлығы тағайындалып, оны «Тұран сыйлығы» деп атау ұйғарылды. Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жазда мерекеленетін Мағжан Жұмабайұлының 130 жылдық мерейтойы аясында Түркі дүниесі поэзия фестивалін өткізуді көздеп отырғанымызды хабарладық» - дейді Ұлықбек Есдәулет.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түркменстан жазушылар одағының басшылары одақ құру туралы келісімге қол қойған болатын. Түркі әлемінде алғаш рет құрылып отырған одақтың төрағалығына Ұлықбек Оразбайұлының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды. Ұлықбек Есдәулет бұл жұмысты қазіргі Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы қызметімен қатар алып жүреді.

Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ