Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Құрылтай күні белгіленді
Құрылтай күні белгіленді
14-04-2023
Әлемді жайлаған індет көп дүниені өзгертіп, қалыпты өмірдің ырғағын бұзды. Жұрт үйінен аттап шыға алмай қалған айларды бастан өткізді. Адамдар тіпті үйінде отырып та терезесін ашуға үрейленген кезі болды. Себебі вирус ауада, қайдан жабыса кетерін ешкім білмейді. Қоғамдық ұйымдарды қойып, сытырлатып ақша санап, жалақы беретін жұмысына бара алмай, қаншама халық қашықтан жұмыс істеді.

Қоғамдық ұйымдар дегенде Қазақстан Жазушылар одағы еске түседі. Індет басталғанда, жазушылардың жылына бір рет жиналуына себепші болатын әдеби жыл қортындысы өтпейтін шығар деп ойлағанбыз. Жоқ, шығар­машылық одақ, қиыннан қиыстырып жол тауып, өткен екі жылда да әлемжелі арқылы zoom-мен жыл қортындысын өткізгені есте.
Ал биылғы әдеби жыл қортындысы Жазушылар одағының ғимаратында өтетіні алдын ала әлеужелі арқылы хабарланды да, індет кезінде үйде отырып қалған ақын-жазушылар алыс-жақыннан біршама көп жиналғанын көрдік. Бір-бірімен сағынысып қалғандай шұрқырасып табысып жатты.
Бұрынғы жылдардағы үрдіспен әдеби жыл қорытындысы Әнұранмен басталды. Жиынды белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып жүргізіп отырды. 2022 жылғы поэзия туралы ақын Болат Жетекбай, проза туралы жазушы Серік Нұғыман баяндама жасады. Әрине балалар әдебиеті, әдеби сын, сатира, деректі проза жанрлары бойынша да жүйелі баяндамалар тыңдалды. Өткен жылғы әдеби үдеріс жайлы толыққанды мәлімет айтылды деуге болады. Асып-тасып арнадан аспағанмен, бір қалыпты ағысты еске түсіретін үрдіс байқалады.
Биылғы әдеби жыл қорытындысының өзгешелігі – қортындыға жалғасып, Жазушылар Одағы басқармасының пленумы өткізілді. Пленумда жалғыз мәселе қаралды. Қазақстан Жазушылар одағының соңғы құрылтайы осыдан бес жыл бұрын өткізілген болатын. Енді одақ жарғысы бойынша биыл құрылтай өтуі керек. Пленум Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайын алдағы 12 мамырда өткізуді ұйғарды.

Сондай-ақ бір топ қаламгерге «Қазақ­станның құрметті жазушысы» атағы мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Атап айтқанда Ғаббас Қабышұлы, Сейфолла Оспан, Қойшығара Салғарин қатарлы 13 қаламгер «Қазақстанның құрметті жазушысы» атанса, Мейірхан Ақдәулетұлы, Төлеген Жанғалиев қатарлы 21 қаламгер Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленді.

«Ана тілі» газеті

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ