Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қорына 8282 кітап түсті
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қорына 8282 кітап түсті
17-04-2023

Өткен жылы Алматыдағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қоры 8282 дана кітаппен толықты. Оның ішінде 1149 данасы балалар әдебиеті екен.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, 2022 жылы кітапхана жартылай өнеркәсіптік Брайль принтерлері мен Брайль дисплейлерін сатып алды. Осының нәтижесінде МР3 форматта 17 кітап дыбысталып, 22 кітап нүктелі-бедерлі қаріпте басып шығарылды.

Кітапхананың 3000-ға жуық оқырманы бар, кітап қоры 260 мыңнан асады. Оның ішінде көркем әдебиет, классикалық және қазіргі заман әдебиеті, отандық және шетелдік авторлар, поэзия, фантастика және басқа да бағыттағы басылымдар бар.

«Біз өз оқырмандарымызға кітапханада ғана емес, үйде де қызмет көрсетеміз. Біздің осында келетін мүмкіндігі жоқ 45 оқырманымыз бар. Олар бізге керек кітаптарын телефон арқылы тапсырыс береді. Біз әр аптаның сәрсенбісінде үйлеріне жеткізіп береміз»,- деді Кітап қорын сақтау және абонемент бөлімінің қызметкері Назым Арынбекова.

«Бүгінде кітапхана ерекше қажеттілігі бар оқырмандардың рухани қарым-қатынасын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуге арналған және түрлі бұқаралық іс-шараларға қатысатын орталық болып саналады. Мұнда тек зағип оқырмандарға ғана емес, сезу, есту қабілеті төмен жандарға да басқа кітапханалар көрсете алмайтын қызмет түрлері қолжетімді», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақпарат

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ