Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Астанада «Eurasian Book Fair-2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
Астанада «Eurasian Book Fair-2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
17-04-2023

19-23 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Eurasian Book Fair – 2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Еуразия кеңістігіндегі ең ауқымды кітап көрмесіне Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Түркия және т.б. елдерден 60-тан астам баспалар мен ұйымдар қатысады.

Кітап нарығындағы жаңа басылымдар мен әлем әдебиетінің үздік туындылары ұсынылатын ауқымды шара 5 күнге созылады.

Іс-шара барысында танымал блогерлермен кездесулер, әлемдік бестселлерлер мен балалар кітаптарының тұсаукесерлері, балаларға арналған тегін шеберлік сағаттары және қымбат сыйлықтардың ұтыстары өткізіледі. Сонымен қатар кітаптар баспа бағасымен сатылады.

Айта кетейік, «Eurasian Book Fair-2023» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігі қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр.

Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ