Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Шөмішбай Сариевтің шығармалары ұйғыр тілінде жарыққа шықты
Шөмішбай Сариевтің шығармалары ұйғыр тілінде жарыққа шықты
15-04-2023

Алматы қаласында Ұйғыр музыкалық комедия театрында Шөмішбай Сариевтің ұйғыр тіліне аударылған «Дуняни ашик көздә қаратсам...» атты кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, Шөмішбай Сариевтің жары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысты.

Сазгер, ақын, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы ретінде танылған ақын 500-ге жуық әнге сөз жазып, халықтың көңілінен шығатын көптеген әндерді сахна төріне қалықтатқан.

Шөмішбай ағамыздың кітабын ұйғыр тілінде аударып қана қоймай екі елдің рухани сабақтастығының артуына себеп болды. Ағамыз өмірден өтсе де, қалдырған мұрасы халық жадында мәңгі сақталады. Ағамыз жайлы айтылар сөз көп. Кеңес Дүйсекеевпен жазған «Қарағым-ай» әні елімізді әлемге танытып, барша халық қосылып шырқайтын әнге айналды. Ағамыздың қалдырған мұрасын насихаттау баршамызға парыз. Ұйғыр театрының бастамасына алғысымызды білдіреміз. Мен өзім Шөмішбай Сариевтің батасын алған баланың бірімін. Студенттік шағымызда, өнерімізге сәттілік тілеп, өзінің ақ тілегін арнаған еді. Қазақта «Бетегеден биік, жусаннан аласа» деген сөз бар. Ағамыздың мейірбандылығы мен жанашырлығы баршамызға өнеге еді, – дейді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Роза Рымбаева ақынның сөзіне жазылған «Айналдым сенен атамекен-ай» әні бағын ашып, абыройын асқақтатқанын атап өтті.

Мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған әндерді ең көп орындаған жанмын. «Домбыра туралы баллада» деген ән дүниеге келгенде осындай да ән болады екен деп таңдай қақтым. Ал Айналдым сенен атамекен-ай» әні кезінде алыста жүрген бауырларымыздың жүрегін елжіретті. Осынау әннің арқасында шет елдерге шықтық. Қандастарымыз да осы әнді өздеріне ұран етті. Шөмішбай Сариев – ХХ және ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясын жоғары көтерген тұлғалардың бірі. Болмысы бөлек болатын. Ақынның қаламынан туған өлеңдері халық жадында мәңгі сақталады, – деді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева.

Кездесу соңында ақынның жары Жұмагүл Сариева кешті ұйымдастырғаны үшін Ұйғыр музыкалық комедия театрына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде аталмыш кітап екі елдің достығын нығайтып, руханиятын көркейтуге үлес қосатынын атап өтті.

Шара аясында Шөмішбай Нағашыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дереккөз: adebiportal.kz

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы